Мектебімізде еріктілер қозғалысы жұмыс жасауда
Жауапты мұғалімдер: ЕсімбековаЖ.С., Турганбаева А.А.
Сынып: 9 «А» ,9 «Б
Жабаға жауапты сынып: 9 «А», 9 «Б»
Жауапты мұғалімдер: ЕсімбековаЖ.С., Турганбаева А.А.
Жоба тақырыбы: «Жақсылық менен басталады»
Мақсаты: Сабақтардан алған білімдеріңді іс жүзінде көрсету мақсатында, өз бойларыңдағы құндылықтар мен қасиеттерді жарыққа шығарып, қайырымдылық істермен айналысу.
Міндеттері:
жақсылық жасаудың адами қарым- қатынстағы мәнділігін түсіндіру;
жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту;
қайырымды, камқор болуға тәрбиелеу.
Ұраны:
Жақсы болу – өзіңнен,
Жаман болу – өзіңнен.
Өзіңді-өзің ая да,
Өзің үйрен, өзіңнен.
Жақсылық көрсең біреуден,
“ Мен қандаймын?” деп ойла.
Өзіңді-өзің қолыңа ал,
Өзіңсің – ақыл айнасы.
Тиеді саған мәні бар
“ Өзіңді тану” пайдасы.
«Жақсылық менен басталады» жобасын өткізудің даярлық жоспары:
Жоба эмблемасын жасау (сынып жетекшісімен, сыныптастарыңмен бір топ)
Жақсылық жасай білейік. атты шығарма, мақала жазу, өлеңдер, тапсырмалар туралы жоба күнделігіне жазу. (сынып жетекшісінің көмегімен)
3. «Жақсылық менен басталады» атты ұранмен жоба презентациясын дайындау. / бейнероликтер, суреттер т.б.жоба күнделігін көрсету./
I жартыжылдықта жобаны орындаудың нәтижелері бойынша жоба күнделігінде қамтылуы тиіс.
- Мақсат
- Жобаны орындау жоспары
- Бірінші және екінші кезеңдегі іс-әрекетті сипатттайтын зерттеу материалдары: бағалау, фотосуреттер, сызбалар, үлгілер, сауалнамалар, сұрақтанамалар, пікіірлер, бірінші және екінші кезеңдегі зерттеу нәтижелері бойынша
қорытындылар.
II жартыжылдықта жобаны орындаудың нәтижелері бойынша жоба күнделігінде қамтылуы тиіс.
- Үш кезеңдегі іс-әрекетті сипаттайтын зерттеу материалдары: бағалау, фотосуреттер, сызбалар, үлгілер, сауалнамалар, сұрақтанамалар, пікірер, үш кезеңдегі зерттеу нәтижелері бойынша қорытындылар.
- Жалпылаушы қорытынды, бүкіл зерттеу үдерісі кезіндегі жаңалықтар.
- Жобаны қорғау және жоюалық іс-әрекет нәтижесін таныстыру сценарийі.