Мектебімізде "Рухани жаңғыру" орталығы жұмыс жасауда » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектебімізде "Рухани жаңғыру" орталығы жұмыс жасауда
15
ноябрь
2021

Мектебімізде "Рухани жаңғыру" орталығы жұмыс жасауда

«Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия»

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында

2020-2021 оқу жылында Рухани жаңғыру орталығында

атқарылған жұмыстар


Рухани жаңғыру орталығының жетекшісі: Жумабекова Г.Б

"Рухани жаңғыру" бағдарламасының басты критерийлері: саналы ұрпақ, сапалы білім және бақуатты мемлекет. 

             Бағдарламаны іске асырудың  2020-2021 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарының орындалуы қалалық және аймақтық Рухани жаңғыру орталықтарымен келісіліп жүргізілді. 


«ТУҒАН ЖЕР» АРНАЙЫ ЖОБАСЫ

«Туған жер» жобасының  шеңберінде «Ұстаз-Ұлы тұлға»  қашықтық жағдайында  салтанатты кеш ұйымдастырылды. Бағыты: Ұлттық бірегейлікті сақтау. Мақсаты: “Ұстаздық — ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор  егіншісін де, кеншісін де ұстаз  өсіреді.  Өмірге   ұрпақ  берген  аналарды   қалай ардақтасақ,  сол  ұрпақты   тәрбиелейтін  ұстаздарды да солай ардақтауға міндеттіміз” — деген  Бауыржан  Момышұлы сөзінің құдіретін түсіну және ұстаздарды бағалау.  

Сонымен қатар осы арнайы жоба шеңберінде 4-сыныптарда «Туған жерім-алтын бесігім!» танымдық  сағаты өткізілді. Бағыты:Ұлттық бірегейлік және халықаралық позиция (ұлттық бірегейлікті сақтау) болды. Мақсаты: Жас ұрпақ Отанын сүюге, туған жерінің тарихын білуге, туған жерін қастерлей білуге тәрбиеленді.