Ақпарат » Страница 66 » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
12 ақпан күні 8”в” сынып оқушыларында химия пәнінен “Иондық байланыс” тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
12
февраль
2025
12 ақпан күні 8”в” сынып оқушыларында химия пәнінен “Иондық байланыс”
Командалық жұмыс жобасын жүзеге асыру барысында 12 ақпан күні 8”в” сынып оқушыларында химия пәнінен “Иондық байланыс” тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты командалық оқыту тренді арқылы білім сапасын арттыру. Сабақ барысында оқушылар Flippity платформасы арқылы командаларға бөлінді. Тақырып бойынша командалық тапсырмалар берілді, алған білімдерін бекіту мақсатында Wordwall платформасынан тапсырмалар орындады.
8 «В» сыныбында қазақ тілі, физика, информатика сабақтары өткізілді.
12
февраль
2025
8 «В» сыныбында қазақ тілі, физика, информатика сабақтары өткізілді.
Гимназиямыздағы командалық жұмыс жобасын жүзеге асыру барысында 8 «В» сыныбында қазақ тілі, физика, информатика сабақтары өткізілді. Оқушылар сабақтарда командаларға бөлініп, өнімді жұмыс істеді. Сабақтардың мақсаты командалық оқыту тренді арқылы сыныптың білім сапасын арттыру және оқушылар арасындағы достастықты нығайту болды.
14-ақпан халықаралық кітап сыйлау күніне орай 5 «В» сынып оқушылары акцияға белсене қатысып кітапханаға кітап сыйлады.
12
февраль
2025
14-ақпан халықаралық кітап сыйлау күніне орай 5 «В» сынып оқушылары
«Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» деп ойшыл Абай атамыз айтып кеткендей, түйсігі бар әрбір адам үшін ғылым мен білімнің қайнар көзі кітапта. 14-ақпан халықаралық кітап сыйлау күніне орай 5 «В» сынып оқушылары акцияға белсене қатысып кітапханаға кітап сыйлады. Сынып жетекшісі Жагипарова Айгерім Бакытовнаға алғыс білдіреміз.
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, лингвистика магистрі А.М. Кунанбаева  «Эссе жаза білеміз бе?» атты әдістемелік қолдау сағатын өткізді.
12
февраль
2025
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, лингвистика магистрі А.М.
12 ақпанда қазақ тілі мен әдебиеті пән апталығы шеңберінде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, лингвистика магистрі А.М. Кунанбаева 2025 жылы аттестациядан өтетін және қызығушылық танытқан мұғалімдерге «Эссе жаза білеміз бе?» атты әдістемелік қолдау сағатын өткізді. Әдістемелік қолдау сағатында қатысушылар эссенің құрылымымен, эссені жазу барысында ұстану керек тиімді тәсілдермен танысты. Мұғалімдер аттестациясында жазылатын эссенің ерекшеліктерін талдады. Мұғалімдер өткізілген шараның өз
Халықаралық “ZHANCYRU” байқау-фестивалінде аспаптық шығарма номинациясы бойынша ГРАН-ПРИ
11
февраль
2025
Халықаралық “ZHANCYRU” байқау-фестивалінде аспаптық шығарма
Халықаралық “ZHANCYRU” байқау-фестивалінде аспаптық шығарма номинациясы бойынша ГРАН-ПРИ жеңіп алған “Шәкәрім атындағы көпбейінді 5 гимназия” КММ-нің “Мұрагер” домбырашылар ансамблін шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің өнерлеріңіз – ұлттық мұрамыздың алтын қазығы, төл өнеріміздің жарқын көрінісі! Әр пернеден төгілген әуен, жүректерге қуаныш сыйлап, қазақ күйінің құдіретін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Ақын, қазақ поэзиясының Хан-Тәңірі — Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай ұйымдастырылған әдеби - сазды шарамен басталды.
11
февраль
2025
Ақын, қазақ поэзиясының Хан-Тәңірі — Мұқағали Мақатаевтың туған
“Шәкәрім атындағы көпбейінді N5 гимназиясы” КММ-сінде қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бірлестігінің апталығы ақиық ақын, қазақ поэзиясының Хан-Тәңірі — Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай ұйымдастырылған әдеби - сазды шарамен басталды. Шараға мектептің жас ұстаздары мен оқушылары қатысты. Әдеби шараның шымылдығы “Аққулар ұйықтағанда” поэмасымен ашылды. Мұқағалидың әндері шырқалып, поэзиясынан жырлар төгіліп, көрерменнің көңілінен шықты. Кеш мазмұнды, жүйелі, өте тартымды өтті.
4 «А» сыныбында «Әрбір бала-бір жұлдыз» атты тәрбие сағаты өтті.
11
февраль
2025
4 «А» сыныбында «Әрбір бала-бір жұлдыз» атты тәрбие сағаты өтті.
4 «А» сыныбында «Әрбір бала-бір жұлдыз» атты тәрбие сағаты өтті. 🔸Мақсаты:Білім алушылардың бойындағы ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жеке қабілеттері мен шығармашылық мүмкіндіктерін анықтау; Өзіндік ерекшеліктерін тануға, өзіне деген сенімін арттыруға көмектесу; Әдептілікке, бауырмалдыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу. Тәрбие сағаты барысында сынып оқушыларының білім,өнер,спорт саласындағы жеңістері аталып өтті. Сыныптағы қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық жарыс жеңімпаздары өз
Әуезов ПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ полиция лейтенанты Мұратқызы Қымбат “Антибуллинг” акциясы аясында 9-11 сынып оқушыларына “жасөспірімдер арасындағы буллинг және оған жауаптылық” тақырыбында профилактикалық түсіндірме жұмыстарын өткізді.
11
февраль
2025
Әуезов ПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ полиция лейтенанты Мұратқызы Қымбат
Әуезов ПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ полиция лейтенанты Мұратқызы Қымбат “Антибуллинг” акциясы аясында 9-11 сынып оқушыларына “жасөспірімдер арасындағы буллинг және оған жауаптылық” тақырыбында профилактикалық түсіндірме жұмыстарын өткізді.