«Тарлан» дебат клубының ЖОСПАРЫ
Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия
«Тарлан» дебат клубының ЖОСПАРЫ
Жетекшісі:Кожахметова Айнур Капановна
ТҮСІНІК ХАТ
«Дебат қозғалысы – жаңа заман талабы» - білім беру бағдарламасы білімнің гуманитарлық жүйесін нақты көздейтін жаңа бағыттағы үйірме. Оқушылар мен ұстаздарды да пікір-сайыстарға араластыруға, өз бетімен ізденуге, білім алу және жалпы шығармашылық белсенділігін арттыруға көзделген. Пікір-сайыстарға дайындық барысында оқушылар белгілі – бір тақырып бойынша мәлімет жинастырып, оларды қарама – қарсы бағыттарды қолдайтын екі түрлі позицияға арналған жоспарға топтастырылады. Жас пікірсайысшылар ең танымал және көп таралған АПФ (Американдық Парламенттік Форматы) форматында ойнайды. Олар жақтау және даттау топтарының кейстері. Осының нәтижесінде оқушылар кез-келген мәселеге біржақты көзқараста болудан арылып, терең, сын тұрғысынан оқушыларды, сонымен қатар парламент мүшелерін (класс оқушыларын) бөлудің әртүрлі жолдарын қарастыруға болады. Мысалы: психологиялық тренинг, сергіту, ойын элементтері арқылы, екінші СТО элементі жуан, жіңішке стартегиясы арқылы сұрақ жетегімен бөлуге болады. Жалпы пікір- талас, талқылау, дискуссия, диалог, бір мәселені көпшіліктің талқысына салу ақиқатқа жетудің ең кең тараған және оң нәтиже бере алатын формасы болып табылады. Алайда бұның да өз қыр-сырлары көп. Ең алдымен ол пікір-сайыстыратын мәселенің күрделілігі, кез-келген мәселе бойынша біріміз ақиқат деп білетін нәрсе басқаға мүлде олай емес.
Пікір – талас барысында адамдар ортақ мәселе жайлы өз пікірлерін ортаға салады, олардың әр түрлі болуы заңды, пікір сайыстар арқылы тараптар ой бөлуге, өз көзқарастарының кемшіліктерін ашып, оларды ұштауға, кемелдендіруге мүмкіндік алады. Қысқасы, ақиқаттың ең озық таразысы көзқарастар бәсекесі. Пікір-сайыс логикалық, психологиялық, адамгершілік және көптеген басқа аспектілерді қамтиды.Үлкен додалар өткізіп, оқушылардың лидерлерін анықтауға тигізер септігі бар.
Өзіндік көзқарасы бар, айналаны сыни тұрғыдан барлап, бағалайтын, шешім шығаруда өзгенің ойын таразылап, өз ойын өткізуге сенімді тұлға қалыптасуына септігі тиеді. Әртүрлі саладағы ғылымның теориясы мен практикасына терең бойлау былай тұрсын, оның тарихы, маңыздылығы, өміршеңдігі, пайдасы мен зиянында таразылай алатын дәрежеге жеткізеді. Білім беру бағдарламасының жан-жақты, тереңдетілген жайын ашады..
Пікір-сайыс әдеттегі пән олимпиадалары секілді. Жүйемен өткізілетін әр түрлі деңгейдегі пікір-сайыс бәсекелері арқылы жүзеге асыруға болады.
Олимпиадаларда оқушылар тек бір пән бойынша ғана білімдерін көрсете алса, пікір – сайыстарда олар жан – жақты, әр түрлі салалардағы білімдерін көрсетіп, жетілдіре алады. Пікір – сайыстардың әдеттегі олимпиадалардан айырмашылығы да, артықшылығы да осында. Үйірме оқушының тұлға, азамат ретіне жетілуіне, білім алуға деген қызығушылығының артуына зор ықпал етуі сөзсіз. Сонымен бірге пікір – сайыс бағдарламасы жаңа орта білім беру жүйесінің иядеяларымен толық үйлеседі деуге де негіз бар.
Мақсаты:
Заман талабының сұранысына саласы жетік, адами құндылықты жанына серік еткен, айналасына сын көзбен қарап, қоғамдық өмірге белсене араласатын жастардың жаңа буынын қалыптастыру. Мектеп оқушыларын үйірмеге тарту. Мектепішілік пікірсайыс турнирлерін ұйымдастыру,үздіктерді анықтап, ынталандыру. Мектеп намысын қорғайтын үздік оқушыларды анықтау. Мектеп оқушыларын мектепаралық, қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық пікірсайыс турнирлеріне қатыстыру, тәжірибе алмасу арқылы үздік натижелерге қол жеткізу.
Міндеттері:
- Оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің айқындалуына мүмкіндік беру;
- Шешендік өнер және жұрт алдында сөйлеу мәдениеті қалыптасқан талантты жастарды анықтау;
- Мектеп оқушылары арасында пікір-сайыстың деңгейін көтеру;
- Мектеп оқушыларының сын тұрғысынан ойлауын дамыту;
- Өз Отаны Қазақстан, оның басты құндылықтарын құрмет тұтып, мақтаныш сезімдерін қалыптастыру;
- Оқушылардың жауапкершілігінің және танымдық қабілеттерін түрлі пікірталастар арқылы ортаға салу;
- Оқушыларды коммуникативтілікке, сөйлеу мәдениетіне, сөз өнеріне, тұжырымды ойын дәлелдей білуге баулу;
- Оқушының өзін – өзі тәрбиелеуіне, өзін жіне өзгені бағалай білуге үйрету;
- Сұлулықты түсіне білуге, өз Отанына, атамекеніне деген патриотымыз.
- Білікті, оқу – тәрбие беру;
- Мектептің үздік оқушыларын анықтап, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық пікірсайыс турнирлеріне қатыстыру.
Күтілетін нәтиже:
- Мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді пайдалану;
- Пікірсайыс арқылы белсенді азаматтық позициясы бар, жаңарған қоғамның жаңа азаматтары тәрбиеленеді.
- Басқа адамдардың көзқарастарымен санаса алатын озық ойлы азаматтардың қатарын көбейту;
- Оқушылардың өз бетімен білім алуға, ізденуге дағдыландырады;
- Оқушылардың бір-бірімен тығыз қарым-қатынас жасауларына, пікір алмасуына, қарым-қатынас диалогін орнатуға мүмкіндік туғызады.
- Саяси сана сезімі, қоғамға көзқарасы ерекшеленеді
- Оқулық арқылы берілетін әдеби құндылықты терең меңгереді.
- БАҚ құралдарын, кітапхана оқулықтарынан қажетті мәліметті ала алады.
- Жұрт алдындағы сайыстарға еркін қатысады.
- Заман талабына сай туындаған жастардың өзекті мәселерін талқылап оның шешілу жолында үздік ұсыныстар дайындау.
«Тарлан» дебат клубының жоспары
№ | Тақырыптар | Формасы | Мерзімі |
Пікір сайыс туралы түсінік | |||
1 | Пікір-сайыс деген не? | Дәріс | Қыркүйек, 2021 |
2 | Пікір-сайыс принциптері. | Дәріс | |
3 | Пікір-сайыс стильдері. | Дәріс | |
4 | ЖОО байланыс | Тренинг | |
5. | «Ұшқыр ой алаңы» облыстық дебатқа қатысу | Пікір-талас | Қазан,2021 |
6 | Қарар жазу түрлері, үлгілері. | Дәріс | |
8 | Қарар шығару. | Дәріс | |
9 | Физическая культура должна требоваться от всех учащихся в средней и старшей школе. Physical education should be required from all students in middle and high school. | Пікір-талас | Қазан,2021 |
10 | «Тіл тағдыры – ел тағдыры» | Пікір-талас | |
11 | Критерий – мақсаты. Критерий құндылығы. | Дәріс | |
12 | Жыр алыбы – Жамбыл! | Пікір-талас | Қараша,2021 |
13 | Қарарға арнап критерий шығару, оған сараптама жасау. Критерийді негіздеу | Дәріс | |
13 | Дебат ұйымдастыру «Гражданин мира и человек без родины –одно и тоже»? | Пікір-талас | |
14 | Критерийдің қарар және аргументтермен байланысы. | Дәріс | |
15 | Энциклопедиялық сөздікпен жұмыс жасау. | Дәріс | Желтоқсан, 2021 |
16 | Дебат ұйымдастыру. «Бұл палата білімді болу-тәрбиенің ең жоғарғы шегі» деп есептейді | Пікір-талас | |
17 | Ақыл шабуылы-аргумент құрастырудағы алғашқы қадам. | Дәріс | |
18 | Тәуелсіздік бәрінен қымбат | Пікір-талас | |
19 | Аргумент құрастыру. | Дөңгелек үстел | Қаңтар,2022 |
20 | Аргумент құрылысы. | Дәріс | |
21 | Аргументті қолдау. | дөңгелек үстел | |
22 | Дебат ұйымдастыру. «Діни сауаттылық – өскелен ұрпақ негізі». | Пікір-талас | |
23 | Зерттеу мен дәлелдер. Мәлімет жинау, мамандармен сұхбат. | Дәріс | Ақпан,2022 |
24 | Дәлелдердің түрлері: куәландыру, фактілер, статистикалық мәліметтер, шолулар. | Дәріс | |
22 | Жақтау кейсінің үлгісі. Даттау кейсінің үлгісі. | Дәріс | |
23 | Дебат ұйымдастыру. «Заманауи ғылым және білім». | Пікір-сайыс | |
25 | Спикерлердің рольдері. | Наурыз, 2022 | |
26 | Каждый ученик должен играть на музыкальном инструменте. Each student must play a musical instrument | Пікір-талас | |
27 | Нәтижелі сұрақ қою әдістері. | Дәріс | |
28 | Сұрақтардың тізбегін құрастыру. | Пікір алмасу | |
29 | «Кандидаты в депутаты» | Дәріс | Сәуір,2022 |
30 | Қарсы сұрақ – жауап кезіндегі спикерлердің өзін-өзі ұстауы. БП «Электрондық кітапханалар адамзаттың тарихи-мәдени мұрасының құнсыздануына әкеледі»,-деп санайды. | Дәріс Пікір-талас | |
31 | «Реклама создает искусственные потребности» | Дәріс | |
32 | Дебат ұйымдастыру. «Қазақстандағы панасыз және мүгедек балалар» | Пікір-талас | |
33 | Детям нельзя позволять пить газировку. Children should not be allowed to drink soda. | Пікір-талас | Мамыр,2022 |
34 | «Эта палата предлагает ввести обязательную школьную форму» | Пікір-талас | |
Қорытынды. |
«Тарлан» дебат клубының қол жеткізген нәтижелері:
«Ұшқыр ой алаңы» мәдени - білім беру жобасы аясында 2021 жылдың ақпан айының 23-26 күндері ұйымдастырылған «Ұшқыр ой алаңы» республикалық дебаттық турнирінің облыстық кезеңінде «Тарлан» дебат фракция мүшелері Төкенова Дария, Жанатбекұлы Нұрбек II орын иеленді
Қазанның 23-24 жұлдызында Семей қаласының №38 мектеп-лицейінде Қазақстанның Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына байланысты қалалық пікірталас жарысы өтті. Ойын қазақ және орыс тілдерінде болды. «Ең мықты спикер» атағы үшін қаланың 30 мектебінің жоғарғы және орта буын оқушылары бақтарын сынады. Осы орайда, Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназияның оқушылары Бейсенбекова Ажар, Тохтарова Аружан «Фемида» фракциясының атынан «Қазақ тілін әлемге танытудың бағдарламасын ұсынады» атты тақырыпта үздік ойын көрсетіп III орынды иеленді. Жас ораторлар талқылаған тақырыптардың барлығы біздің Тәуелсіздігіміз бен Отанымыздың заманауи тақырыптарымен байланысты. Сайыс топ жетекшілері мен қатысушылардың арасында шынайы қызығушылық тудырды. Әр лигадан ең мықты 10 спикер мен жеңіске жеткен топтар айқындалды. Гимназиямыздан Бейсенбекова Ажар «Үздік спикер» алғыс хатымен марапатталды.
«Тарлан» дебат клубымен жүргізілген іс-шаралар
Өзіндік көзқарасы бар, айналаны сыни тұрғыдан барлап, бағалайтын, шешім шығаруда өзгенің ойын таразылап, өз ойын өткізуге сенімді тұлға қалыптастыру мақсатында гимназиямызда «Қазақстанда атом электр станциясының салынуын қолдайды», «Қазақстанды әлемге таныту бағдарламасын ұсынды» атты тақырыпта оқушылар арасында ойындар ұйымдастырылды. Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытуда әртүрлі пікірталастар жүргізіліп отырады.
«Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК Пікірсайыс орталығы www.ziyatker.org, Астана пікірсайысшылар альянсы www.astanapikirsaiyry, Семей қаласындағы мектеп лигасының қозғалысы www.publik109112201.kz, «Jastar Alany» республикалық пікірсайыс турнирі www.youtube.kz, IDS Kongress ұйымдарымен бірлесіп іс-тәжірибелермен алмасып, бірқатар жұмыстар атқарылуда. Турнир қорытындылары гимназия сайтына, интернет желілеріне орналастырылып отырады.
Дебат мүшелері пікір сайысты дамыту бойынша және жұмыс сапасын қадағалауға арналған онлайн сауалнамаларға қатысып, өз көзқарастарын білдіреді.
«Бұл палата Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» тақырыбында 8 сынып оқушыларының арасында турнир өтті. Оқушылар өз сұрақтарын қойып пікір алмасты.
«Бұл палата Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығын өткізудің жобасын ұсынады» атты тақырыпта мектепішілік дебат 9-10 сынып оқушылары арасында өтті.
Шәкәрім университетінде ұйымдастырылған Семей мектеп оқушыларына арналған «Дебатқа кіріспе» тренингісіне гимназиямыздан дебат мүшелері қатысып, тәжірибе алмасты. Тренинг соңында қатысқан спикерлерге сертификат табысталды.