25
октябрь
2025
«Үздік педагог – 2025»
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен өткен республикалық «Үздік педагог – 2025» байқауының қорытындысы жарияланып, Республика күні қарсаңында өткен салтанатты марапаттау рәсімінде министр Жұлдыз Сүлейменова жеңімпаз ұстаздарға «Үздік педагог» куәлігі мен төсбелгісін және 1000 АЕК көлеміндегі сыйақыны табыстады.
Сол үздіктердің қатарында – «Үздік 100 мектеп – 2025» тізіміне енген Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясының тарих пәні мұғалімі, облыстық және республикалық байқаулардың жеңімпазы, педагог-зерттеуші Жумабекова Гульмира Бектемировна бар.
Айта кетсек, бұл байқау республика көлемінде 12-рет өткізіліп отыр. Оның ішінде тарихы терең Шәкәрім атындағы көбейінді #5 гимназиядан республикалық деңгейде 5 үздік ұстаз, ал облыстық деңгейде 2 ұстаз «Үздік педагог» атанып, білім ордасының мәртебесін асқақтатып келеді.
Қала ,облыс ұстаздары атынан Жумабекова Гульмира Бектемировнаны және гимназия ұжымын шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл жетістік – ұстаздың еңбегі мен мектептің сапалы білім беру жолындағы табанды ізденісінің айғағы.https://www.instagram.com/reel/DQRElU2AKNz/?igsh=MXhtMWVuNDNnM3NkNQ==