Әдістемелік жұмыстар » Страница 29 » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
"XX ғасырдың басындағы қазақ интеллигенциясының көрнекті өкілдері" деген тақырыпта тізбектелген 3-ші зерттеу сабағы өтті.
21
октябрь
2022
"XX ғасырдың басындағы қазақ интеллигенциясының көрнекті өкілдері"
"Тарих тереңінен, болашақ биігіне" атты апталығы аясында 2022 жылдың 21-ші қазан күні 8 "А" "Жас сарбаз" сыныбында "XX ғасырдың басындағы қазақ интеллигенциясының көрнекті өкілдері" деген тақырыпта тізбектелген 3-ші зерттеу сабағы өтті. Сабақтың мақсаты: оқушыларға қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметін талдау. Мұғалім сыныпта оқушылармен топтық, жұптық, жекелеме жұмыстар жүргізді. Сабақта үй тапсырмасын сұрау кезеңінде "Wordwall" қосымшаларында викториналық сұрақтар арқылы сұралды.
5 "А" сыныбы Абайдың республикалық әдеби-мемориалдық музейіне барып қайтты.
21
октябрь
2022
5 "А" сыныбы Абайдың республикалық әдеби-мемориалдық музейіне барып
Мұражай тарихымен тығыз байланысты әрбір тұрақты экспозиция өзіндік шежіре беттері іспетті. Балалар үлкен қызығушылықпен мұражайды аралап шықты. Арнайы жүргізілген қайта жаңғырту жұмыстарынан кейін тарихи ғимарат бүгінгі күн талабына сай құлпырып жасарып, жайнап тұр. Сынып жетекшісі: Нурпеисова Баглан Баймуратовна
Республика күніне арналған "Менің Отаным-Қазақстан” атты тәрбие сағаты өтті.
21
октябрь
2022
Республика күніне арналған "Менің Отаным-Қазақстан” атты тәрбие
 2 “А” сыныбында (сынып жетекшісі Л. С. Айтбаева) Республика күніне арналған "Менің Отаным-Қазақстан” атты тәрбие сағаты өтті. Сынып оқушылары республика күніне арнап суреттер салып, өз жұмыстарын қорғады, ел, жер туралы өлең жолдарын жатқа айтып, Отан туралы ән шырқады. Қазақстан республикасы туралы сұрақтарға жауап беру арқылы сыйлықтарға ие болды.
"Тарих тереңінен-болашақ биігіне" атты тарих апталығы аясында "Тарлан" дебат клубының БП.
21
октябрь
2022
"Тарих тереңінен-болашақ биігіне" атты тарих апталығы аясында
"Тарих тереңінен-болашақ биігіне" атты тарих апталығы аясында "Тарлан" дебат клубының БП. "Әлеуметтік желілер қазақ тілін дамытуға кері әсерін тигізеді"деп есептейді тақырыбында дебат ойыны өткізілді. Үкімет және оппозиция өкілдері дәлелді аргументтер келтіріп, өз ойларын жеткізе білді. Мақсаты: оқушылардың патриоттық, ұлтжандылық қасиеттерге, тарихи құндылықтарға деген ойларын қозғау және сөз шеберлігін, өз пікірін анық айтып, дәлелдеме келтіру қабілеттерін дамыту болып табылады. Пән мұғалімі
Тарих пәні апталығының жоспары бойынша сыныптан тыс іс-шара «Республикам менің» атты тақырыбында өтті.
19
октябрь
2022
Тарих пәні апталығының жоспары бойынша сыныптан тыс іс-шара
Мақсаты: - оқушыларды өз Отанын сүюге, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қастерлейтін саналы да парасаты азаматтар тәрбиелеу. - елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге өз елін, тегін, тарихын біліуге тәрбиелеу. Іс-шараға 6 "А" , 6 "Ә", 6 "Б", 6 "В" сыныптары қатысты. Жоспар негізінде әртүрлі тапсырмалар орындалып, пікір алмасу алаңы да өтті. Жас патриоттар музыкалық сәлемге ән айтып, күй ойнады. Ұйымдастырушы тарих пәні мұғалімдері: А.
«Тарих тереңінен-болашақ биігіне!» атты тарих апталығы аясында Мектеп парламентінің спорт және мәдениет бөлімінің атынан "Тарих қойнауында" атты танымдық іс-шара өтті.
19
октябрь
2022
«Тарих тереңінен-болашақ биігіне!» атты тарих апталығы аясында Мектеп
19. 10. 2022 жылы «Тарих тереңінен-болашақ биігіне!» атты тарих апталығы аясында Мектеп парламентінің спорт және мәдениет бөлімінің атынан "Тарих қойнауында" атты танымдық іс-шара өтті. Іс шараның мақсаты: оқушыларға қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы сан ғасырлар бойғы күресінің нәтижесін қысқаша көрініс және монолог оқу арқылы жеткізу. Қазақ хандары мен ақсүйектерінің өткізген құрылтайынан қысқаша эпизод көрсете отырып, жас ұрпақтың бойында өз еліне деген мақтаныш сезімін оятты. Түрлі
1-7 сынып оқушылары арасындағы «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының қорытындысы
19
октябрь
2022
1-7 сынып оқушылары арасындағы «Зерде» зерттеу жұмыстары мен
1-7 сынып оқушылары арасындағы «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының қалалық кезеңіне мектебімізден 8 бағыт бойынша 15 жобамен 25 оқушы қатысты. Қалалық сырттай турдың қорытындысы бойынша 8 жоба, 14 оқушы жеңімпаз атанды. Оның ішінде І орын - 10 оқушы, ІІІ орын - 4 оқушы. Жеңімпаз оқушылар мен оларды дайындаған жетекші ұстаздарды жеңістерімен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз! Алдағы облыстық, республикалық сайыста топ жарып, жеңімпаз атануларына тілектеспіз!
"XX ғасырдың басындағы қазақ интеллигенциясының көрнекті өкілдері" деген тақырыпта тізбектелген 2-ші зерттеу сабағы өтті.
19
октябрь
2022
"XX ғасырдың басындағы қазақ интеллигенциясының көрнекті өкілдері"
2022 жылдың 19 қазан күні 8 "А" "Жас сарбаз" сыныбында "XX ғасырдың басындағы қазақ интеллигенциясының көрнекті өкілдері" деген тақырыпта тізбектелген 2-ші зерттеу сабағы өтті. Сабақтың мақсаты: оқушыларға қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметін талдау. Мұғалім сыныпта оқушылармен топтық, жұптық, жекелеме жұмыстар жүргізді. Сабақ барысында оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында тақырыпқа қатысты көшбасшылардың суреттерін көрсету арқылы оқушылар жаңа сабақтың тақырыбын анықтай алды.