Біз туралы » Страница 9 » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
Семинарда гимназия мұғалімі тәжірибесімен бөлісті
17
декабрь
2025
Семинарда гимназия мұғалімі тәжірибесімен бөлісті
2025 жылғы 17 желтоқсан күні Alikhan Bokeikhan Университетінде «Бастауыш мектепте дамыта оқытуды қолданудың мәселелері мен перспективалары» тақырыбында семинар өтті. Аталған семинарға гимназиямыздың бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші, педагогика ғылымдарының магистрі Уайданова Жанна Муслимовна қатысып, «Дарынды оқушылармен жұмыс» тақырыбында өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Семинар жұмысына қала мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері, педагогика кафедрасының аға оқытушылары мен
Қажи Нұрсұлтанов атындағы VIII математикалық олимпиада
17
декабрь
2025
Қажи Нұрсұлтанов атындағы VIII математикалық олимпиада
Бүгін гимназиямызда  5–6 сынып оқушылары арасында педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Қажи Нұрсұлтанов атындағы VIII математикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі өтуде. Бұл білім сайысы оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттырып, өз білімдерін сынауға үлкен мүмкіндік береді. Оқушыларға сәттілік тілейміз!
Облыстық «PORTFOLIO» зияткерлік ойынында қос жеңіс!
15
декабрь
2025
Облыстық «PORTFOLIO» зияткерлік ойынында қос жеңіс!
Облыстық «PORTFOLIO» зияткерлік ойынында қос жеңіс! 🎉 Абай облысы көлемінде өткен 7–10 сынып оқушыларына арналған «PORTFOLIO» зияткерлік ойынында гимназиямыздың "ЭкоДостар" командасы ерекше нәтиже көрсетіп, БАС ЖҮЛДЕГЕ ие болды! 🏆 Сонымен қатар, аталмыш байқауда команда жетекшілері Акимова Ажар Мадьярқызы мен Нұрланқызы Гүлім "Үздік жетекші" номинациясы бойынша ДИПЛОММЕН марапатталды! 👏💐 Бұл — жүйелі дайындықтың, жауапкершіліктің, ізденістің және команда болып бірігіп жұмыс істеудің жарқын
Бокстан Қазақстан Республикасының Чемпионатының жеңімпазы
12
декабрь
2025
Бокстан Қазақстан Республикасының Чемпионатының жеңімпазы
Алматы қаласында өткен Бокстан Қазақстан Республикасының чемпионатында 54 кг салмақ дәрежесінде үздік өнер көрсетіп, жүлделі 3-орынды қанжығасына байлаған 10 “А” сынып оқушысы — Төлегенов Мерейге шын жүректен құттықтау білдіреміз. 🥉🥊 Бұл жеңіс – табандылықтың, ерік-жігердің және үздіксіз еңбектің жемісі. Мерей, биік белестерің көп болсын! Әр қадамың жеңіске бастай берсін!​https://www.instagram.com/reel/DSKct92jGfG/?igsh=MWwzb3o4ZzR5NnM1Mw==​​​
Идеясы ұтқыр басшы – нәтижесі мықты мектеп!
11
декабрь
2025
Идеясы ұтқыр басшы – нәтижесі мықты мектеп!
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!🎉 Абай облысы бойынша өткен Республикалық "Педагогикалық идеялар фестивалі" конкурсының облыстық кезеңінде "Білім беру жүйесіндегі менеджмент" бағыты бойынша  ІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОММЕН марапатталған гимназиямыздың директоры,педагог-шебер Муканова Нургул Кулжагазиновнаны шын жүректен құттықтаймыз! 💐 Нургул Кулжагазиновна- білім беру менеджменті саласындағы кәсіби біліктілігімен, жаңашыл көзқарасымен және ұйымдастырушылық шеберлігімен ерекшеленетін көшбасшы. Жеңісіңіз құтты болсын! Білім
II Республикалық “Ғасырлар үні” байқауының жеңімпаздары
11
декабрь
2025
II Республикалық “Ғасырлар үні” байқауының жеңімпаздары
Астана қаласында өткен II Республикалық “Ғасырлар үні” байқауында жүлделі 1 орынды иелеген “Мұрагер” домбырашылар ансамблінің байқауға барардағы бейнеролигі желіде көрермен көзайымына айналып, желіде халықты өзіне қаратты. Балалардың дайындық барысында түсірген бейнеролигін тіпті @azat.orazay мырза өзінің әлеуметтік желісіндегі парақшасына жүктеген. Осыны байқаған Семейтелеарнасынан Наргиз ханымның шақыртуымен таңғы сұхбатқа барып, өзіміздің әсерімізбен бөлісіп қайттық. Абай облысының намысын
«Бірлік пен елдік – жас ұрпақ қолында!»
11
декабрь
2025
«Бірлік пен елдік – жас ұрпақ қолында!»
«Бірлік пен елдік – жас ұрпақ қолында!» Бүгін гимназиямызда ұлттық рухты жаңғыртып, жас ұрпақтың жүрегіне патриоттық сезім ұялатқан тағылымы терең форум өтті. Форум барысында батыр қыздарымыз — Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Хиуаз Доспанова, жерлесіміз Баян Байғожинаның ерлігі ұлықталып, өскелең ұрпаққа өнеге етілді. «Жеті дара» командасының батыр қыздар жолымен жасаған тағзым сапары мен деректі көрінісі көпшіліктің жүрегіне жетті. Шара аясында гимназия намысын қорғап, білім, өнер, спорт
«Ағылшын тілінде саяхат»
09
декабрь
2025
«Ағылшын тілінде саяхат»
Бүгін мектебімізде мұғалімдерге арналған «Ағылшын тілінде саяхат» 🌍✈️ атты қызықты әрі пайдалы тренинг өткізілді. ✨ 🔸 Тренинг барысында мұғалімдер шетелге саяхат жасау кезінде жиі қолданылатын сөздер мен тіркестерді меңгеріп,   🔸 Әуежай, қонақ үй, мейрамхана сияқты жағдаяттарда ағылшын тілінде еркін сөйлесуге машықтанды.   🔸 Практикалық тапсырмалар мен рөлдік ойындар арқылы тілдік дағдыларын дамытты. 📚 Тренинг мұғалімдердің ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттырып, шет тілінде өз-өзіне
Ағылшын тілі бірлестігінің ашық сабақтары
09
декабрь
2025
Ағылшын тілі бірлестігінің ашық сабақтары
5 «А» сыныбында «A professional look-alike» тақырыбы бойынша жоспарланған ашық сабақ жоғары деңгейде өтті. Сабақтың негізгі мақсаты – оқушылардың мәтінді жалпы және нақты ақпаратқа сүйене отырып түсіну, жаңа сөздерді меңгеру және сұрақ-жауап арқылы тілдік құзыреттілігін арттыру болды.       Сабақ барысында бірнеше тиімді әдістер қолданылды: “Guess the Celebrity”, “Gist Reading”, “Detailed Reading”, “True/False/Doesn’t Say”, “Jigsaw Reading”, “Peer Discussion”. Әрбір әдіс оқушылардың
"Марапат - еңбектің жемісі"
08
декабрь
2025
"Марапат - еңбектің жемісі"
Гимназия оқушылары мен ұстаздары болып алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Тусупов Серік Асаубайұлын зор құрметпен қарсы алдық. Серік Асаубайұлы жылдық қорытынды жиналыста еңбегі еленіп, «Әлия Молдағұлова атындағы» төсбелгісімен марапатталды. Бұл – мұғалімнің өз ісіне адалдығы мен жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіне берілген жоғары баға. Ұлағатты ұстазымызды марапатымен шын жүректен құттықтадық. Сізге мықты денсаулық, шығармашылық табыс, шәкірттеріңіздің биік