Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай “Абай QUIZ”
2025 жылдың 2 тамыз күні Абай облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы және Семей қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай “Абай QUIZ” республикалық зияткерлік ойыны өткізілді. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 180 команданың ішінен мектебіміздің “Абай елі” командасы суырылып шығып “Топ-30” үздіктің қатарына ілікті! Құттықтаймыз!