Абай облысы мәслихатының төрағасы Байбеков Шалқар Заманбекұлы
Абай облысы мәслихатының төрағасы Байбеков Шалқар Заманбекұлы «Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясына» келіп, «Мектепке жол» акциясы аясында әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасылардың балаларына оқу құралдары салынған портфельдер сыйға тартты. 🔹 Сонымен қатар, білім ордамыздың тыныс-тіршілігімен танысып, атқарылып жатқан жұмыстарды көріп, бірқатар мәселелер бойынша пікір алмасты.