Іс-шаралар » Страница 2 » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
Таза Қазақстан – жарқын болашақ үшін!
18
октябрь
2025
Таза Қазақстан – жарқын болашақ үшін!
Бүгін біздің ұжым «Таза Қазақстан, таза аула» акциясы аясында сенбілік жұмыстарына белсене қатысып, туған өлкеміздің көркеюіне өз үлесімізді қостық. 🌎💚 Мектеп ауласын тазалап, ағаш отырғызып, табиғатқа қамқорлық көрсетудің маңыздылығын тағы бір мәрте сезіндік. Осындай игі шаралар – бірлікті арттырып, экологиялық мәдениетті қалыптастырудың тамаша үлгісі. 🌱✨ Бірге еңбек еткен әріптестерімізге үлкен алғыс! Таза орта – өз қолымызда!
Нашақорлықтың алдын алу туралы профилактикалық дәріс өткізді.
16
октябрь
2025
Нашақорлықтың алдын алу туралы профилактикалық дәріс өткізді.
2025 жылдың 10 қазан күні құқық бұзушылықтың, оның ішінде нашақорлықтың алдын алу, сондай-ақ оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Абай облысы ПД Семей қаласы Әуезов ПБ ЖПҚБ инспекторы, полиция лейтенанты Б.Е. Ергараева 9-11 сынып оқушыларына профилактикалық дәріс өткізді.
Жол ережелері туралы профилактикалық дәріс өткізілді.
16
октябрь
2025
Жол ережелері туралы профилактикалық дәріс өткізілді.
2025 жылдың 10 қазан күні Абай облысы ПД Семей қаласы полиция басқармасының полиция батальоны қызмет инспекторы,полиция аға лейтенанты Құсаинов Н.Б 6-11 сынып оқушыларына жол ережелері туралы профилактикалық дәріс өткізді.
Гимназиямыздың "Тарлан" пікірсайыс клубына мүшелікке шақырамыз!
07
октябрь
2025
Гимназиямыздың "Тарлан" пікірсайыс клубына мүшелікке шақырамыз!
Құрметті оқушылар!   Сіздерді гимназиямыздың "Тарлан" пікірсайыс клубына мүшелікке шақырамыз! Егер:   ✅ Өз ойыңды еркін жеткізгің келсе   ✅ Сөйлеу мәдениетін дамытқың келсе   ✅ Көшбасшы болғың келсе   ✅ Жаңа достар тапқың келсе   онда дәл қазір дебат клубына қосыл! 🗓 Кездесу уақыты: 8 қыркүйек сағат 13.30 📍 Өтетін орны:14 кабинет Жетекшісі:Шидербаева Айгерим Толеугазыевна  Кел де, пікір айт! Дауысың естілсін! ​https://www.instagram.com/reel/DPgO9_LDIYO/?igsh=bTUwOXlqMHIwcnE=​​​
Бүкіләлемдік лайықты еңбек күні аталып өтілді!
07
октябрь
2025
Бүкіләлемдік лайықты еңбек күні аталып өтілді!
2025 жылғы 7 қазанда Шәкәрім атындағы көпбейінді N 5 гиназиясында Бүкіләлемдік лайықты еңбек күніне орай салтанатты  жиын өтті.Шараға гимназия кәсіподақ ұйымының төрайымы Айтбаева Лимара Слямханқызы,  ұстаздар,техникалық қызметшілер мен еңбеккерлер қатысты. Жиын барысында лайықты еңбек ұғымының маңыздылығы, еңбек құқықтарын қорғау, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жайлы айтылды. Еңбек адамдары өздеріне арналған шағын концертті тамашалады.
Мектебіміздің Парламенті аяулы ұстаздарымызға арнап жүрекжарды құттықтауын ұсынды. 💐
01
октябрь
2025
Мектебіміздің Парламенті аяулы ұстаздарымызға арнап жүрекжарды
​​​​Ұстаз – ұлттың шамшырағы, ұрпақтың жол көрсетушісі. Қымбатты мұғалімдер! Сіздердің еңбектеріңіз – болашағымыздың алтын қазығы. 🙏❤️ 📹 Бұл бейнеде әр шәкірттің шынайы ықыласы, әр жүректің алғысы бар. #ҰстаздарКүні #МектепПарламенті #ҚұрметтіҰстазым ​https://www.instagram.com/reel/DPQNRMJCOj6/?igsh=MTVweHRocWZxaDBkNw==​​​
5 “Б” сыныбында жоспар негізінде “Буллинг” тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
17
сентябрь
2025
5 “Б” сыныбында жоспар негізінде “Буллинг” тақырыбында тәрбие сағаты
5 “Б” сыныбында жоспар негізінде “Буллинг” тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Тақырып бойынша сыныптың оқушылары өз ойларымен бөлісіп, қазіргі таңдағы ауқымды мәселе екеніне тоқталды. Сондай-ақ тәрбие сағатқа гимназияның әлеуметтік педагогі Шынар Амангелдіқызы қатысып, оқушыларға түсінік жұмыстарын жүргізді. Сынып жетекші: Шакарова Арайлым Сержанқызы
Ұлттық киім күні – болмыстың бейнесі!
12
сентябрь
2025
Ұлттық киім күні – болмыстың бейнесі!
Ұлттық киім күні – болмыстың бейнесі! Бүгін мектебімізде ұлттық киім күні ерекше рухпен өтті. Әр сынып өз дәстүрін, өз болмысын киім арқылы паш етіп, ата-бабамыздан жеткен асыл мұраны дәріптеді. Осы күні ерекше белсенділік танытып, әдемі үлгі көрсеткен үздік сыныптарымыз: 6 «В» 5 «В» 4 «А» 2 «Б» 2 «Ә» Ұлттық киім – ұлттың жаны, рухтың айнасы.Бұл күн жас ұрпақтың бойына мақтаныш сезімін дарытып, ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілікті арттырады.
2”Ә”сыныбында “Отбасым-бақыт мекені”тақырыбында тәрбиелік мәні зор тәрбие сағаты өтті.
09
сентябрь
2025
2”Ә”сыныбында “Отбасым-бақыт мекені”тақырыбында тәрбиелік мәні зор
2”Ә”сыныбында “Отбасым-бақыт мекені”тақырыбында тәрбиелік мәні зор тәрбие сағаты өтті.Балалар отбасы Отанның бір бөлігі екенін түсіне отырып, өз жанұясы туралы қызықты оқиғаларымен бөлісіп,  өз ойларын еркін ашық жеткізе білді.Сонымен қоса   өмір қауіпсіздігі сабақтары қамтылып,төтенше жағдай туындаған кезде қандай  жедел қызметтерге қоңырау шалу керектігін естеріне түсірді.Оқушылар сабаққа қызыға  белсенді қатысты.