Іс-шаралар » Страница 4 » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Қош бол, сүйікті Әліппе!” атты әліппемен қоштасу ертеңгілігі.
23
декабрь
2025
“Қош бол, сүйікті Әліппе!” атты әліппемен қоштасу ертеңгілігі.
2025 жылдың 23 желтоқсан күні 1 «Ә» сыныбында «Қош бол, сүйікті Әліппе!» тақырыбында  мерекелік іс-шара өтті. Бұл күн – оқушылар үшін ерекше әрі қымбат. Себебі балалар алғашқы әріптерін танып, оқуды үйреніп, Әліппемен қоштасты. Шара барысында оқушылар ән айтып, тақпақтарын нақышына келтіріп оқып, ертегі кейіпкерлерінің рөлін сомдап, өз білімдерін көрсетті. Кішкентай оқушыларымыздың әр жетістігі – үлкен еңбектің нәтижесі.​https://www.instagram.com/reel/DSnYFgzAHiU/?igsh=MWVndzIyM2U3ODAzcg==​​​
“Қош бол, құтты Әліппе!” атты ертеңгілік
23
декабрь
2025
“Қош бол, құтты Әліппе!” атты ертеңгілік
1 ”А” сыныбында «Қош бол, құтты Әліппем!» атты ертеңгілік өтті. Бастауыш сынып оқушылары үшін ұйымдастырылған бұл тағылымды шарада бүлдіршіндер Әліппеден алған білімдерін өлең, ән, көріністер арқылы көрсетті. Ертеңгілік өте әсерлі, мазмұнды әрі көтеріңкі көңіл күйде өтті. Оқушылар алғашқы оқулығымен қоштасып, білімнің жаңа белесіне қадам басты. Барша оқушыларды алдағы оқу жолында сәттілік тілейміз! Сынып жетекшісі: Нурахметова Жанар
Эко Шырша
17
декабрь
2025
Эко Шырша
Жаңа жыл мерекесіне орай мектебімізде «Эко шырша» атты экологиялық іс-шара өтеді. Бұл шараның мақсаты – табиғатты қорғау, қалдықтарды қайта пайдалану арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Іс-шараға барлық сынып оқушылары қатыса алады. Іс шара уақыты *17-24 *желтоқсан аралығы. Шыршаға ілетін ойыншықтар тек қалдық материалдардан (қағаз, картон, пластик бөтелке, қақпақ, мата, жіп т.б.) өз қолдарымен жасалуы керек. Дайын, дүкеннен алынған ойыншықтарды әкелуге болмайды. 2-қабатқа Эко Шырша
"Ақжаулық" әжелер клубының ашылу салтанаты
12
декабрь
2025
"Ақжаулық" әжелер клубының ашылу салтанаты
11.12.2025 жылы "Даналық мектебі" аясында гимназиямызда "Ақжаулық" әжелер клубының ашылу салтанаты және  "Әже-отбасының алтын діңгегі" тақырыбында  дөңгелек үстел өтті.  Іс-шараның  мақсаты: оқушыларға қазақ отбасындағы әженің орны мен рөлін түсіндіру, үлкенді құрметтеу, ізгілік, мейірімділік қасиеттерін дамыту және отбасылық құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу. "Ақжаулық" әжелер клубының ашылу салтанатына Семей қалалық Ардагерлер кеңесі бойынша  Әжелер алқасының төрайымы Әбітаева Мағрипа
ЛЕЗДЕМЕ
09
декабрь
2025
ЛЕЗДЕМЕ
Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияда мерейлі сәт! Бүгін гимназиямызда спорт, өнер және білім бағыттарында айрықша жетістік көрсеткен үздік оқушылар салтанатты түрде марапатталды. Олардың жеңісі — еңбектің, табандылықтың және үздіксіз ізденістің жемісі. Жетекші ұстаздарға, қолдау көрсеткен ата-аналарға алғыс айтамыз! Жеңімпаздарымызға алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра берулеріне тілектеспіз!​https://www.instagram.com/reel/DSEhZGEjN9c/?igsh=MWExeGlkc2toOGFiYw==​​​
«Даналық мектебінің» әкелер клубының ұйымдастыруымен
05
декабрь
2025
«Даналық мектебінің» әкелер клубының ұйымдастыруымен
«Адал Азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, «Даналық мектебінің» әкелер клубының ұйымдастыруымен 7-сынып оқушыларының әкелері арасында волейбол сайысы өтті. Тартысқа толы, достық пен бірлікті ұлықтаған сайыс нәтижесі төмендегідей болды: 🥇 І орын – 7 Ә сыныбы, «Жігер» командасы 🥈 ІІ орын – 7 А сыныбы, «Арлан» командасы 🥉 ІІІ орын – 7 Б сыныбы, «Бүркіт» командасы Бұл жарыстың ең үлкен жеңісі – әкелердің балаларына көрсеткен өнегесі. Сайыс барысында ойын ережесін сақтап, сабыр мен
«Діни экстремизм белгілері, себептері және алдын алу жолдары» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді
05
декабрь
2025
«Діни экстремизм белгілері, себептері және алдын алу жолдары»
2025 жылдың 05 желтоқсанында гимназияның 11 Б сынып  оқушыларына  кәмелетке толмағандар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша, «Діни экстремизм белгілері, себептері және алдын алу жолдары» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді. Тренингтің мақсаты: Оқушыларға діни экстремизм туралы дұрыс түсінік қалыптастыру, ақпаратты сыни бағалау қабілетін дамыту, қауіптен сақтану дағдыларын үйрету. Тренингтің барысында оқушыларға- экстремизм мен радикал идеология ұғымын ажырата алуды,
«Зорлық-зомбылыққа қарсымыз» атты акция өтті.
05
декабрь
2025
«Зорлық-зомбылыққа қарсымыз» атты акция өтті.
Мектебімізде «Зорлық-зомбылыққа қарсымыз» атты акция өтті. Шара барысында 10”Б” сынып оқушылары да өз көзқарастарын білдіріп, зорлық-зомбылықтың кез келген түріне бей-жай қарамау қажеттігін атап өтті. Балалардың белсенділігі мен саналы пікірі — қауіпсіз орта қалыптастырудың маңызды бөлігі. Сынып жетекшісі: Абенова Д.Б.​https://www.instagram.com/reel/DR5HdfugHmY/?igsh=YXk2em56ZTJ2a2M5​​​
«Кітап оқимыз» челенджі
05
декабрь
2025
«Кітап оқимыз» челенджі
«Кітап оқимыз» челенджі сәтті өтті! Адал Азамат бағдарламасы аясында ұйымдастырылған кітап оқу челенджі  өтті. Бастауыш сынып оқушылары белсенді қатысып, өздерінің сүйікті кітаптарынан әсерлі ойларымен, қызықты пікірлерімен бөлісті. ✨ Челендж нәтижесі: – Күн сайынғы 15 минуттық оқу әдетке айналды – Оқушылардың сөздік қоры артты – Кітапқа деген қызығушылық нығайды – Бір-бірін қолдау мен ынталандыру мәдениеті қалыптасты Бәріне белсенділік танытқандары үшін үлкен рақмет! Кітап оқу – тұлға дамуының
Кітап оқу челенджі
05
декабрь
2025
Кітап оқу челенджі
Кітап оқу челенджі өтті! Адал Азамат бағдарламасы аясында ұйымдастырылған кітап оқу челенджі өз мәресіне жетті. Оқушылар белсенділік танытып, қызықты кітаптар оқып, өз ойларымен бөлісті. Бұл челендж балалардың оқу мәдениетін арттырып, сөздік қорын кеңейтуге үлкен үлес қосты. ​https://www.instagram.com/reel/DR4OKvHDIxB/?igsh=MTg0dDI3Z2VtdWd2bQ== ​​​