Іс-шаралар » Страница 7 » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
Республика күніне орай дебат пікірталасы өтті.
23
октябрь
2025
Республика күніне орай дебат пікірталасы өтті.
Бүгін мектебімізде Республика күніне орай дебат пікірталасы өтті. Оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, еліміздің дамуы мен болашағы туралы терең пікір алмасты.  Бұл шараның мақсаты — жас ұрпақтың азаматтық ұстанымын қалыптастыру, сыни ойлау мен шешендік қабілеттерін дамыту болды. Барлық қатысушыларға белсенділік пен шығармашылық үшін үлкен алғыс! 🌟 Жетекшілері: Есенбаева Ж.Б. Белгібаева М.Д. ​https://www.instagram.com/reel/DQKLsVAjJTx/?igsh=MXFjOGtxM3M0b3ZpOQ==​​​
«Жас қыран», «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімі өтті.
22
октябрь
2025
«Жас қыран», «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау
Бүгін мектебімізде «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында Республика күніне арналған маңызды іс-шара – республикалық бірыңғай «Жас қыран», «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімі өтті. 💙 «Жас қыран» қатарына – 51 оқушы 💛 «Жас ұлан» қатарына – 49 оқушы қабылданып, өз елінің нағыз патриоты болуға ант берді! Жас ұрпақтың бойында елжандылық пен отаншылдық сезімді қалыптастыратын бұл рәсім – олардың өміріндегі ерекше сәттердің бірі болды. 🇰🇿 Құтты болсын, жас
“Туған қаламыздың экологиясын жақсарту үшін мен не істедім?” атты эко челленджі.
21
октябрь
2025
“Туған қаламыздың экологиясын жақсарту үшін мен не істедім?” атты эко
Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназисы 9 “Б” сынып оқушыларының “Туған қаламыздың экологиясын жақсарту үшін мен не істедім?” атты эко челленджі. 🌿 Туған қалам – менің үйім! Оны таза ұстау – өз қолымда 🌎 Табиғатты қорғау – бәріміздің ортақ міндетіміз! Бүгін біз туған қаламызды таза ұстауға өз үлесімізді қостық. Мектеп ауласына ағаш көшеттерін отырғызып, мектепшілік сенбілікке ат салыстық.  Осы орайда, эко челленджі №50 жалпы орта білім беретін ІТ-мектеп-лицейіне жолдаймыз!
Күзгі тарту – шығармашылық мерекесі!
21
октябрь
2025
Күзгі тарту – шығармашылық мерекесі!
Күзгі тарту – шығармашылық мерекесі! 🍁 Бастауыш сынып оқушыларының қолынан шыққан әсем бұйымдар мен ерекше идеяларға толы «Күзгі тарту» атты қолөнер көрмесі өтті. 🌾 Балалар табиғаттың сұлулығын өз қолдарымен бейнелеп, қиялдары мен шеберліктерін көрсете білді. 🍂 Әр туынды – бала жүрегінің жылуы мен еңбегінің жемісі. 💛 👏 Қатысқан барлық оқушылар мен ата-аналарға шығармашылық шабыт тілейміз! ​https://www.instagram.com/reel/DQFFr9CjOgL/?igsh=MXZ1YWdpdzVhZnFpaA==​​​
Таза Қазақстан – жарқын болашақ үшін!
18
октябрь
2025
Таза Қазақстан – жарқын болашақ үшін!
Бүгін біздің ұжым «Таза Қазақстан, таза аула» акциясы аясында сенбілік жұмыстарына белсене қатысып, туған өлкеміздің көркеюіне өз үлесімізді қостық. 🌎💚 Мектеп ауласын тазалап, ағаш отырғызып, табиғатқа қамқорлық көрсетудің маңыздылығын тағы бір мәрте сезіндік. Осындай игі шаралар – бірлікті арттырып, экологиялық мәдениетті қалыптастырудың тамаша үлгісі. 🌱✨ Бірге еңбек еткен әріптестерімізге үлкен алғыс! Таза орта – өз қолымызда!
Нашақорлықтың алдын алу туралы профилактикалық дәріс өткізді.
16
октябрь
2025
Нашақорлықтың алдын алу туралы профилактикалық дәріс өткізді.
2025 жылдың 10 қазан күні құқық бұзушылықтың, оның ішінде нашақорлықтың алдын алу, сондай-ақ оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Абай облысы ПД Семей қаласы Әуезов ПБ ЖПҚБ инспекторы, полиция лейтенанты Б.Е. Ергараева 9-11 сынып оқушыларына профилактикалық дәріс өткізді.
Жол ережелері туралы профилактикалық дәріс өткізілді.
16
октябрь
2025
Жол ережелері туралы профилактикалық дәріс өткізілді.
2025 жылдың 10 қазан күні Абай облысы ПД Семей қаласы полиция басқармасының полиция батальоны қызмет инспекторы,полиция аға лейтенанты Құсаинов Н.Б 6-11 сынып оқушыларына жол ережелері туралы профилактикалық дәріс өткізді.
Гимназиямыздың "Тарлан" пікірсайыс клубына мүшелікке шақырамыз!
07
октябрь
2025
Гимназиямыздың "Тарлан" пікірсайыс клубына мүшелікке шақырамыз!
Құрметті оқушылар!   Сіздерді гимназиямыздың "Тарлан" пікірсайыс клубына мүшелікке шақырамыз! Егер:   ✅ Өз ойыңды еркін жеткізгің келсе   ✅ Сөйлеу мәдениетін дамытқың келсе   ✅ Көшбасшы болғың келсе   ✅ Жаңа достар тапқың келсе   онда дәл қазір дебат клубына қосыл! 🗓 Кездесу уақыты: 8 қыркүйек сағат 13.30 📍 Өтетін орны:14 кабинет Жетекшісі:Шидербаева Айгерим Толеугазыевна  Кел де, пікір айт! Дауысың естілсін! ​https://www.instagram.com/reel/DPgO9_LDIYO/?igsh=bTUwOXlqMHIwcnE=​​​
Бүкіләлемдік лайықты еңбек күні аталып өтілді!
07
октябрь
2025
Бүкіләлемдік лайықты еңбек күні аталып өтілді!
2025 жылғы 7 қазанда Шәкәрім атындағы көпбейінді N 5 гиназиясында Бүкіләлемдік лайықты еңбек күніне орай салтанатты  жиын өтті.Шараға гимназия кәсіподақ ұйымының төрайымы Айтбаева Лимара Слямханқызы,  ұстаздар,техникалық қызметшілер мен еңбеккерлер қатысты. Жиын барысында лайықты еңбек ұғымының маңыздылығы, еңбек құқықтарын қорғау, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жайлы айтылды. Еңбек адамдары өздеріне арналған шағын концертті тамашалады.