Сейсмикалық оқу-жаттығу өткізілді
Бүгін сағат 11:00-де облыстық бірыңғай сейсмикалық оқу-жаттығу өткізілді. Жаттығудың негізгі мақсаты – жер сілкінісі жағдайында оқушылар мен қызметкерлердің қауіпсіздік талаптарын сақтау, төтенше жағдай кезіндегі дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру және эвакуация тәртібін пысықтау. Оқу-жаттығу барысында қатысушылар белгіленген қауіпсіздік алгоритмі бойынша әрекет етіп, ғимараттан ұйымдасқан түрде эвакуацияланды. Қауіпсіздік – әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз! Төтенше жағдайға дайын