Қайырымдылық — жүректен шыққан мейірім ❤️
Гимназиямызда өткен қайырымдылық жәрмеңкесінен жиналған қаражат игі іске бағытталды. Оқушылардың белсенді қатысуымен ұйымдастырылған жәрмеңкенің нәтижесінде көмекке мұқтаж отбасыға азық-түлік пен көмір табысталды. Бұл — оқушылардың бойындағы мейірімділік пен жанашырлықтың, өзгеге қолдау көрсетуге деген ықыласының жарқын көрінісі. Осындай игі істер арқылы жас ұрпақ жақсылық жасаудың қадірін түсініп, адамгершілік құндылықтарды бойына сіңіреді. ❤️ Жақсылық жасау — жүректен, мейірімділік — ниеттен