15
февраль
2023
Хабарландыру!

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!
Гимназиямызда 5-10 сынып оқушыларына арналған «IT LAND SHAKARIM» АҚ клубында бағдарламалау бойынша курстарына жазылу басталғанын хабарлаймыз! Бағдарламалау бойынша курстар оқушыларымыздың жарқын болашағына қадам жасауына таптырмас мүмкіндік, өйткені бағдарламалау қабілеттерін дамыту барысында пәнаралық білімдерін толықтырып, болашақ маман ретінде қалыптасуына септігін тигізеді.
Курстар мына бағыттар бойынша жүргізіледі:
- ScratchLab (5-7 сынып );
- WebLab (7-10 сынып);
- AndriodDev (8-10 сынып);
- PytonLab (8-10 сынып);
- UnityLab (8-10 сынып).
Курстарға тіркеудің 1-кезеңі 20.02.2023 ж. дейін қабылданады, бүгінгі таңда мұндай курстар ақылы түрде жүргізіледі, бірақ біздің гимназиямыздың оқушыларына тегін түрде оқытылады.
Курстарды ұйымдастырушылар: Шагимолдина Маржан – Халықаралық және республикалық IT компанияларында тәжірбиесі мен іске асырылған жобалары бар маман, атап айтатын болсақ OMILIA LTD (Греция), AgiliWay (АҚШ), EvoTech (Қазақстан), iMAS GROUP (Қазақстан), NetPeak Group (Украина), Google компаниясының Woman in Digital жобасына қатысып, оқуын оқыған, сондай –ақ Microsoft компаниясының сертификатталған оқытушысы.
Нұрасыл Төлеубек – Мектеп парламентінің мүшесі, спорт және мәдениет министірі.