Абай атындағы кітапханада ғалым, жазушы Қайым Мұхамедханұлының өмірден өткеніне 20 жыл толуына орай «Қайым Мұхамедханов - ұлтқа қызмет» тақырыбында еске алу кеші өткізілді. » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Абай атындағы кітапханада ғалым, жазушы Қайым Мұхамедханұлының өмірден өткеніне 20 жыл толуына орай «Қайым Мұхамедханов - ұлтқа қызмет» тақырыбында еске алу кеші өткізілді.
14
май
2024

Абай атындағы кітапханада ғалым, жазушы Қайым Мұхамедханұлының өмірден өткеніне 20 жыл толуына орай «Қайым Мұхамедханов - ұлтқа қызмет» тақырыбында еске алу кеші өткізілді.



Мамырдың 14 күні Абай атындағы кітапханада ғалым, жазушы  Қайым Мұхамедханұлының өмірден өткеніне 20 жыл толуына орай «Қайым Мұхамедханов - ұлтқа қызмет» тақырыбында еске алу кеші өткізілді.  «Қайым Мұхамедханов атындағы білім және мәдениет орталығының» директоры, профессор, жазушының  қызы    Дина Мұхамедхан  әкесі Қайым Мұхамедханов тақырыбында естеліктер айтып, әкесінің жарқын бейнесін жас аға буынмен  бөліссе, еңбектері жайлы тың деректер жеткізді. 
Сондай-ақ, гимназиямыздың 7-8 сынып оқушылары, жас зертеушілер Жұмағызы Дина мен Серіков Сұлтан жазушының өмірі мен Алаш мектебі туралы Дина Мұхамедханқызымен кездесу барысында сұхбаттасып, көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, естелік суретке түсті. Мектебіміздің ұстаздары Аубакирова Алма Медетқызы және тарих пәні мұғалімдері А.Шидербаева мен А. Шакарова жазушының еске алу кешіне қатысып, тың еңбектерімен танысты.
Кеш соңында Дина Мұхаметханқызы мен қатысушылар Қайым ескерткішінің  басына гүл шоқтарын қойды.