

Робототехника саласы бойынша гимназиямыздың мұғалімі Тұрсынбеков Айдос Асқатұлының жыл бойындағы оқушылармен бірлесіп атқарған жұмысы тағы бір жоғары бағаланды. Халықаралық Индонезия және Шанхай қаласында өткізілген жарыстардың жеңімпазы ретінде «Абай облысы білім басқармасы» ММ «Облыстық инновациялық- әдістемелік орталығы» тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы Абдухамитов Айдар Абдихатович және жобаларды енгізу бөлімінің басшысы Нургалиева ГауҺар Есенққызы және Абай облыстық кәсіподақ орталығының маманы Ұлжан Ернарқызы құттықтап, Алғыс хат және ақшалай сыйлық табыстады