28
декабрь
2024
2024 білім беру саласы үшін жетістік жылы болды. Халықаралық олимпиадаларға қатысқан әр екінші қазақстандық оқушы жүлделі орындарға ие болды. Ел құрамасы бас-аяғы 563 медальмен толыққан.
2024 білім беру саласы үшін жетістік жылы болды. Халықаралық олимпиадаларға қатысқан әр екінші қазақстандық оқушы жүлделі орындарға ие болды. Ел құрамасы бас-аяғы 563 медальмен толыққан. Биыл сол ұстаздардың да еңбегі еленді. Ел тарихында алғаш рет екі педагог «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болды. 23 педагог Мемлекет басшысының қолынан «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағын алды. Ел мектептерінің 67%-ы ауылдық жерлерде орналасқан. Ендігі мақсат – қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасының алшақтығын азайту. Бұл бағытта «Ауыл мектебі – сапа алаңы» республикалық жобасы жүзеге асып жатыр. Ал әлеуметтік жағынан осал отбасы балаларын қорытынды емтихандарға дайындау үшін 2576 мектепте «Цифрлық ұстаз» жобасы іске қосылды. Осылайша, оқушылар электронды платформалар мен цифрлық білім беру ресурстарына қолжеткізді. Көпшілігі жоғары және техникалық-кәсіптік мамандық игеруге мүмкіндік алды.