Жеті дара" командасының патриоттық жобасы өз мәресіне жетіп, 3 ай бойы үздіксіз атқарылған қажырлы еңбектің нәтижесі деректі фильммен қорытындыланды. » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жеті дара" командасының патриоттық жобасы өз мәресіне жетіп, 3 ай бойы үздіксіз атқарылған қажырлы еңбектің нәтижесі деректі фильммен қорытындыланды.
12
май
2025

Жеті дара" командасының патриоттық жобасы өз мәресіне жетіп, 3 ай бойы үздіксіз атқарылған қажырлы еңбектің нәтижесі деректі фильммен қорытындыланды.

"Жеті дара" командасының патриоттық жобасы өз мәресіне жетіп, 3 ай бойы үздіксіз атқарылған қажырлы еңбектің нәтижесі деректі фильммен қорытындыланды. Бұл – тек жоба емес, ұрпаққа үлгі болар ұлы тағзым, мәңгілік өнеге жолы.

Батыр қыздарымыздың ерлігін ұлықтап, олардың есімін ел жадында жаңғырту мақсатында туған мекендеріне тағзым сапарын жасадық. Маршруттық картамыз – Абай облысы, Архат ауылынан басталды. Бұл – мерген ару Баян Байғожинаның туған жері. Мерген арудың туған жерінен қасиетті топырақты алып, батысқа бағыт түзедік.

Астана қаласында әскери-патриоттық орталықта "Жас сарбаз" қозғалысының ұйымдастырушыларымен және жас сарбаздармен жүздестік. Кейін Астана – Атырау бағытымен сапарымызды жалғастырып, Хиуаз Доспановаға арналған музейге барып, Архаттан алынған қасиетті топырақты табыстадық.

Одан әрі Атырау – Ақтөбе бағытымен жол жүріп, Әлия Молдағұловаға арналған "Әлия" музейінде болдық. Онда да батыр жерден алынған топырақты құрметпен тапсырдық. Ақтөбе қаласында өткен "Мерген ару – 2025" сайысында жоба қатысушылары жүлделі орын алып, қорытынды кеште батыр қыздарға арналған арнау өлеңімізді оқыдық. Бұл кеште батыр Әлиямен аттас қатысушы оқушымыз Қазақстан телеарнасына сұхбат беріп, жобаның маңызын жеткізді.

Сапар соңында Абай облысы, Семей қаласына оралып, Батыс Қазақстан облысы, Ақтөбе қаласы, Бұлақ ауылынан – Әлия Молдағұлованың кіндік қаны тамған қасиетті топырақты алып келіп, Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Әлияның 100 жылдығына арналған қорытынды іс-шарамызды өткіздік.

"Жеті дара" – ұлт рухын ұлықтаған ұлы сапар! Батыр қыздарымыздың есімі ел жадында мәңгі жаңғыра бермек! [media=

Похожие публикации: