23
февраль
2026
Тәжірибе алмасу алаңы
Абай облысының білім басқармасы «Дарын» орталығы ұйымдастыруымен гимназиямызда «Бейінді оқыту – оқушының жеке тұлғасын дамыту құралы» тақырыбында бейіналды сыныпта сабақ беретін физика және математика пәні мұғалімдеріне арналған тәжірибе алмасу алаңы өткізілді.
Іс-шара Абай облысының білім беру жүйесін дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған өңірлік жол картасын іске асыру аясында ұйымдастырылды.
Тақырыбы: «Бейіналды даярлық сыныпты ұйымдастыру арқылы нәтижеге қол жеткізудің жолдары».
Іс-шараның басты мақсаты:
– бейінді оқытуды ұйымдастыру арқылы оқушылардың жеке білім беру траекториясын қалыптастыру тәжірибесін зерделеу;
– оқушының тұлғалық, зияткерлік және кәсіби бағдарлы дамуына ықпал ететін тиімді әдіс-тәсілдерді анықтау және тәжірибе алмасу.
Іс-шара аясында математика пәні мұғалімі А.Р. Калиякпарова «Дәрежесі жоғары теңдеулерді шешу жолдары» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сонымен қатар оқушылар математика және физика пәндері бойынша ғылыми жобаларын қорғап, өз зерттеу жұмыстарын ұсынды:
– «Комбинаторика – ғажайып әлем» – А. Маулетова және Ә. Жумабек;
– «Жоғары дәрежелі теңдеулерді шешу» – Тұрғали А.
Жетекшісі: Амренова Л.М.
Физика пәні бойынша «Күрделілігі жоғары есепті шығару жолдары» тақырыбында Ануарбеков А өз жұмысын таныстырды.
Сондай-ақ STEM физика лабораториясында Құсаин А, Келисбекова Д және Серғазы А зерттеу жұмыстарын көрсетті.
Жетекшілері: Бимбетова А, Есімбекова Ж.
Өткізілген семинар тәжірибе алмасу, кәсіби диалог орнату және бейінді оқыту арқылы оқушы тұлғасын дамытуға бағытталған тиімді педагогикалық тәжірибелерді тарату алаңы болды.