14
июнь
2026
«Сәт сапар, жас түлек!» атты негізгі орта білім туралы аттестаттарды тапсыру салтанатты жиыны өтті.
2025 жылғы 12 маусым күні «Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясы» КММ-де «Сәт сапар, жас түлек!» атты негізгі орта білім туралы аттестаттарды тапсыру салтанатты жиыны өтті.
Іс-шараға 9-сынып оқушылары, ата-аналар мен ұстаздар қатысты. Биыл гимназияның 9-сыныбын 82 оқушы аяқтап, олардың 11-і «Үздік аттестат» иегері атанды.
Мерекелік шара гимназия директоры Нұргүл Құлжағазықызы Мұқанованың құттықтау сөзімен басталып, оқушылардың әсем әндерімен ұласты. Салтанатты кеш барысында аттестаттар табысталып, ата-аналар мен түлектер жүрекжарды лебіздерін білдірді.
Білімімен, өнерімен және қоғамдық өмірдегі белсенділігімен ерекшеленген түлектер алтын ұя мектебі мен ұстаздарына шынайы алғыстарын жеткізді.
Құрметті жас түлектер! Негізгі орта білім туралы аттестат алуларыңыз құтты болсын! Алдағы өмір жолдарыңыз жарқын, армандарыңыз асқақ, мақсаттарыңыз биік болсын! Сіздерге толағай табыс, жаңа белестер мен үлкен жетістіктер тілейміз!