28
октябрь
2026
ЗИЯТКЕР ҰРПАҚҚА БАСТАР ЖОЛ: ОЛИМПИАДАҒА ДАЙЫНДЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ

📌 Каникулдық іс-шаралар жоспары аясында Шәкәрім атындағы көпбейінді гимназияда «Оқушыларды олимпиадаға дайындаудың тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында тәжірибе алмасу семинары өткізілді.
💻 Семинарды «Қ.Сәтпаев атындағы Жәнтікей орта мектебі» КММ-нің информатика пәні мұғалімі, халықаралық олимпиаданың жеңімпазы Мұхаметкәрім Қаныш Саятұлы жүргізді.
🎯 Іс-шара барысында спикер оқушыларды пәндік олимпиадаларға дайындаудың тиімді жолдарымен бөлісіп, дарынды оқушылардың қабілетін дамыту, логикалық ойлау дағдыларын жетілдіру және олимпиадалық тапсырмалармен жұмыс жүргізу бағытындағы тәжірибесін ортаға салды.
Кездесу барысында гимназия мұғалімдері өзара пікір алмасып, кәсіби тәжірибелерін толықтыруға мүмкіндік алды. Мұндай тағылымды кездесулер педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттырып, білім сапасын жетілдіруге және оқушылардың зияткерлік әлеуетін дамытуға ықпал етеді.
Өз тәжірибесімен бөлісіп, әріптестеріне кәсіби қолдау көрсеткен жас маман Мұхаметкәрім Қаныш Саятұлына алғыс білдіреміз! Алдағы уақытта шығармашылық табыс, толағай жетістіктер және шәкірттерінің биік белестерді бағындыруын тілейміз! https://www.instagram.com/reel/DfCaqSFgeKV/?mdxt=MW4wZXZzdTl0a204