19
июнь
2026
АТТЕСТАТ ТАБЫСТАУ САЛТАНАТЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
АТТЕСТАТ ТАБЫСТАУ САЛТАНАТЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ ✨🎓
Бүгін Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясында 2026 жылғы түлектерге аттестат табыстау салтанатты кеші жоғары деңгейде өтті.
Мектеппен қоштасып, үлкен өмірге қанат қаққан жас түлектер үшін бұл күн – балалық шақпен қоштасып, болашаққа нық қадам басқан ерекше әрі тарихи сәт болды.
Кеш барысында түлектерге аттестаттар табысталып, ұстаздар мен ата-аналардың жүрекжарды тілектері айтылды. Он бір жыл бойы білім мен тәрбие берген ұстаздарға алғыс білдіріліп, ата-аналардың ақ батасы берілді.
Бұл күн – шәкірттің жетістігіне қуанған ұстаздың, перзентінің арманына куә болған ата-ананың және мектеп тарихындағы тағы бір жарқын белестің мерекесі.
Қымбатты түлектер!
Алған білімдеріңіз бен бойларыңызға сіңген тәлім-тәрбие өмір жолдарыңызда шамшырақ болсын. Армандарыңыз асқақ, мақсаттарыңыз айқын, қадамдарыңыз нық болғай!
🌟 Ақ жол, жас түлектер!
🌟 Болашақтарыңыз жарқын болсын!https://www.instagram.com/reel/DZw0TaZgCKK/?igsh=MWFudDdnaXRwcXJxMQ==