Білім жолындағы жетістіктер » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
июнь
2026

Білім жолындағы жетістіктер

Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияның оқушылары Ермұханбет Алдияр мен Серік Адина республикалық деңгейдегі білім додаларында жоғары нәтижелерге қол жеткізді!

Ермұханбет Алдияр «Зерделі» олимпиадалық академиясы ұйымдастырған республикалық жеке олимпиадада жүлделі ІІІ орын иеленді. Бұл жетістік – оның табандылығы мен білімге деген құштарлығының жарқын көрінісі.

Ал Серік Адина республикалық жарыста жеке біріншілікте де, командалық сайыста да І орын иеленіп, үздік нәтиже көрсетті. Бұл – оның жоғары дайындық деңгейі мен мақсаткерлігінің айқын дәлелі.

Жас жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Оларға алдағы уақытта да толағай табыстар, жаңа белестер мен жарқын жеңістер тілейміз!

🎉 Жеңістеріңіз құтты болсын!
🎓 Білім жолындағы жетістіктеріңіз арта берсін!
🌟 Гимназиямыздың абыройын асқақтата беріңіздер!