17
август
2026
Тамыз кеңесі аясында педагогикалық-психологиялық қолдау қызметінің (ППҚҚ) жұмысын тиімді ұйымдастыру мәселесі бойынша мазмұнды түсіндірме жұмысы жүргізілді.
Тамыз кеңесі аясында педагогикалық-психологиялық қолдау қызметінің (ППҚҚ) жұмысын тиімді ұйымдастыру мәселесі бойынша мазмұнды түсіндірме жұмысы жүргізілді. Баяндамашы педагог-психолог А.Б.Жагипарова ППҚҚ қызметін ұйымдастыру деңгейлеріне тоқталып, оның тиімділігін айқындайтын негізгі критерийлерді нақты түсіндірді.
Кездесу барысында білім алушының қажеттілігін дер кезінде анықтау, педагог–психолог–ата-ана арасындағы жүйелі өзара әрекет, қолдау шараларының нәтижелілігін тұрақты бақылау және әр балаға жеке тәсіл қолдану мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар ППҚҚ қызметінің сапасы тек құжат жүргізумен емес, баланың білім алуына, әлеуметтенуіне және дамуына нақты қолайлы жағдай жасалуымен бағалануы тиіс екені атап өтілді.
Тамыз кеңесінде көтерілген бұл мәселе педагог-психологтер үшін тәжірибелік маңызы жоғары, жаңа оқу жылындағы қолдау қызметінің жұмысын жүйелі әрі нәтижелі ұйымдастыруға бағыт беретін маңызды түсіндірме болды.