"Жас Айбын" сыныбының ант қабылдау салтанаты » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
сентябрь
2026

"Жас Айбын" сыныбының ант қабылдау салтанаты

Бүгін Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясында 5 «Ә» сынып оқушыларының «Жас Айбын» қатарына қабылданып, Ант қабылдау салтанатты рәсімі өтті.
Салтанатты шараға арнайы қонақтар – Абай облысы Қорғаныс істері департаменті бастығының орынбасары Шарипханов Канат Габдыгалямұлы, Абай облысы «Дарын» орталығының әскери-патриоттық бағытты дамыту бөлімінің басшысы Құрманов Болат Ануарбекұлы, 5511 әскери бөлімінің «Бүркіт» арнайы жасағы командирінің орынбасарлары Досанов Нұрдос Нагимолдаұлы мен Биязбаев Нурбол Орынбекұлы қатысты.
Гимназия директоры Муканова Нургүл Құлжақазықызы жас айбындарды айтулы күнмен құттықтап, білімді, тәртіпті, елін сүйетін нағыз патриот болуларына ізгі тілегін білдірді.
Шара барысында «Бүркіт» арнайы жасағының қару-жарақ көрмесі ұйымдастырылып, оқушылардың патриоттық рухын көтеретін өлеңдер оқылып, әндер шырқалды. Семей қаласы бойынша Әскери-патриоттық орталығының әншісі Олжас Оспанның орындауындағы ән де шараның мазмұнын аша түсті.
Салтанатты рәсімнің ерекше сәтінде қонақтарымыз бен гимназия директоры жас айбындарға «Жас Айбын» куәліктерін табыстады. Бұл – оқушылар үшін үлкен жауапкершілік пен мақтанышқа толы есте қаларлық сәт.Жас айбындарымыздың қадамы нық, арманы биік, болашағы жарқын болсын!​https://www.instagram.com/reel/Dd6nrpnzIWH/?stkn=MThzN21oeXYxZmZwMA==​​​