Жастарымыздың әрбір жетістігі – гимназиямыздың мақтанышы! » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жастарымыздың әрбір жетістігі – гимназиямыздың мақтанышы!
09
ноябрь
2026

Жастарымыздың әрбір жетістігі – гимназиямыздың мақтанышы!

Гимназиямыздың мақтанышы, Абай облысының жас көшбасшысы, Облыстық оқушылар альянсының төрағасы Нұркен Төлеубек республикалық деңгейдегі маңызды жастар бастамасына қатысып, тәжірибе жинақтап оралды.

Петропавл қаласында өткен «Ұлттың жаңа болмысы: жастар және азаматтық жауапкершілік» атты республикалық жастар лагерінде Нұркен жастардың қоғамдағы рөлі, азаматтық жауапкершілік және ел болашағы мәселелері бойынша өз біліктілігін арттырды.

Сондай-ақ, 2026 жылғы 7 қарашада Астана қаласында өткен «Жылдың үздік 100 дарынды оқушысы» форумында «Үздік жас суретші» номинациясы бойынша І орын иеленген 9 «В» сынып оқушысы Досымханова Томирис пен жетекшісі, көркем еңбек пәнінің мұғалімі Джумадилова Сайрамгүл Гимарановна арнайы марапатқа ие болды.

Бүгін гимназиямызда жас көшбасшымыз Нұркен мен жүлдегер оқушымыз Томиристі салтанатты түрде қарсы алып, жетістіктерімен құттықтадық!

👏 Жастарымыздың әрбір жетістігі – гимназиямыздың мақтанышы! Биік белестер мен толағай табыстар тілейміз!​https://www.instagram.com/reel/DfglJzvAStZ/?utm_source=ig_web_copy_link&mdxt=MzRlODBiNWFlZA==&srtk=MzRlODBiNWFlZA==​​​