09
ноябрь
2026
"ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК 100 ДАРЫНДЫ ОҚУШЫСЫ!"
026 жылғы 7 қарашада Астана қаласында «Жаңа Қазақстан – білім беру саласындағы жаңашыл идеялар» атты патриоттық жоба аясында «Жылдың үздік 100 дарынды оқушысы» форумы өтті.
«Bilim – orkeniet» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өткен салтанатты форумда «Үздік жас суретші» номинациясы бойынша І орынға ие болған «Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясы» КММ-нің 9 «В» сынып оқушысы *Досымханова Томирис* арнайы марапатқа ие болды. 🥇👏
Жас дарынның жетекшісі, көркем еңбек пәнінің мұғалімі Джумадилова Сайрамгүл Гимарановна да арнайы марапатпен марапатталды. 💐
🎉 Оқушымыз Томиристі лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Өнер жолында биік белестерді бағындырып, талантымен гимназиямыздың мерейін асқақтата беруіне тілектеспіз!
Ұстазымызға шығармашылық шабыт, еңбегіне толағай табыс тілейміз! 🌷👏
Жеңіс құтты болсын!