Темирбаева Айым (113 балл) » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
июль
2020

Темирбаева Айым (113 балл)

Темирбаева Айым (113 балл)

Қымбатты да, сүйікті менің ұстаздарым!!! Мен өзімнің жеткен жетістіктерім үшін сіздерге үлкен алғысымды білдіремін. ҰБТға дайындап, әрдайым қолдап, кеңестерініз бен көмектеріңізге көп рақмет. 

Болашақ мектеп түлектері! Мен сендерге алдағы емтихандар мен тесттерден сүрінбей өтуге тілектеспін. Өз атымнан әрдайым ең жоғары ұпай аламын деп ойлап, аз балл жайлы ойды мүлдем ұмытып, дайындықты ерте кезден бастауға кеңес беремін. Емтиханға дайындық кезінде ең бастысы- сапа. Сен қанша кітап оқып, сұрақтарды жаттасаң да, ол сенің ойында қалмаса, дайындығынның ешқандай нәтижесі болмайды. Күнделікті дайындалсаң, және уақытынды дұрыс пайдаланып, күн тәртібімен жүрсең, еңбегінің жемісің көресің. Бейіндік пәндерге дайындалғанда білікті мұғалімдердің көмегіне жүгініп, кеңестерін пайдалану керек. Және де ҰБТға дайындықтың алдыңда қай мамандық иесі болатынынды ойластырып, болашағынды жоспарлап қойған жақсы деп есептеймін. Себебі дайындықтың ортасында мамандығынды ауыстырып, уақытынды жіберіп аласын. ҰБТ деген өмірдің соны емес, аз ұпай алдым деп қамықпа, бұл тек қана бастамасы, бұл сынақтан сүрінбей өтсен, болашақта да емтихандардан сәтті өтесің!