Жақыш Дариға (120 балл)
Мен, Жақыш Дариға, 2020 жылдың түлегімін. Биыл ҰБТ-дан 120 балл жинадым. Бұл жиналған ұпай оңай келген жоқ. 11 жыл бойы ұстаздардың берген білімімен, жоғалмас еңбегі. Сол үшін барлық ұстаздарға мың алғыс!
Келешекте осы алған білімімді кеңінен қолдана аламын деген ойдамын. Ендігі ойым жақсы жоғарғы оқу орнында білімімді ары қарай шыңдау. Алға қойған арман мақсаттарыма жетемін деген ойдамын! Өмірдегі алғашқы сынақтардың бірінен сүрінбей өттім, демек басқасына да күшім жетеді.
Келесі жылғы түлектерге ҰБТ-дан жоғарғы балл алып ата- анасын қуантуына тілектеспін! Оларды алда сынақ күтіп тұр. Дегенмен жақсы дайындықпен өз өзіңе деген сенімділік болса - бәрі ойдағыдай болады.
Мен 11сынып басталғанда жылдың басынан бірден дайындалуды бастадым. Бұл өте көп көмегін тигізді. Барлық керекті мағлұматтарды игеріп, білмей қалған тақырыптарды кеңінен қарастырып ұғып алдым. Бұл үшін күз өте ыңғайлы мезгіл. Негізі оған дейін де көп нәрсені мектеп бағдарламасынан ұғып кіші сыныптағы ережелер де есімде болған, соларды қайталап, еске түсіріп түрлі нұсқаларды шығардым. Сонымен қатар карантин кезі биылғы түлектер үшін тиімді кезең болды деп санаймын. Біз барлық уақытты өзіміз ұйымдастырып, өз таңдау пәндерімізге ерекше мән бере алдық. Тоқсан сөздің тобықтай түйіні тек қана шыдамдылықпен, шын көңілмен оқуға ден қою маңызды.
Тағы да, осындай жетістікке әкелген ең алдымен ата-анама, одан кейін білім беруден шаршамаған ұстаздарыма көп рахмет айтқым келеді