Ақпарат » Страница 191 » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ұстаздар күні құтты болсын!
30
сентябрь
2022
Ұстаздар күні құтты болсын!
Құрметті ұстаздар! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Жанарларыңыз әрдайым нұр шашып, жүздеріңіз күндей күлімдеп жүрсін! Зор денсаулық, ұзақ ғұмыр берсін. Сіздердің өмірлеріңізде махаббат, сәттілік, құрмет, молшылық және бейбітшілік болсын. Сіздерге қабілетті оқушылар мен өз қызметтеріңізде шығармашылық өрлеу, сондай-ақ зор денсаулық, барлық мақсаттарға жету үшін зор күш-қуат тілейміз!
Президенттік парламент оқушылары және  педагог- психологтарының ұйымдастыруымен панельдік сессия өтті.
29
сентябрь
2022
Президенттік парламент оқушылары және педагог- психологтарының
29 қыркүйек, 2022 жылы  Шәкәрім атындағы №5 көпбейінді гимназияда Президенттік парламент оқушылары және  педагог- психологтарының ұйымдастыруымен панельдік сессия өтті. Тақырыбы «21 ғасыр шеберлігі. Көшбасшылық мектебі». Біз жолымызды, қарым-қатынасымызды және ойлауымызды өзгертетін жаһандану дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Болашақ көп жағдайда жаңа ұғымдарды түсіну және қабылдау, дұрыс таңдау жасау, өмір бойы өзгеретін жағдайларға үнемі үйрену және бейімделу қабілетіне байланысты.  September
Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына орай «Ғасыр қаламгері» атты виртуалды кітап көрмесін ұсынды.
28
сентябрь
2022
Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына орай «Ғасыр
Қазақтың заңғар жазушысы, Абайтану ғылымының негізін салған, Абайды әлемге алғаш танытқан жазушы-академик, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына орай «Ғасыр қаламгері» атты виртуалды кітап көрмесін назарларыңызға ұсынамыз. Көрмеге М.Әуезовтің көркем шығармалары, повестер мен әңгімелері және М. Әуезов жайында жазылған ғылыми еңбектерін көріп, кітапханадан алып оқи аласыздар.
«Л.Толстой мен Ш. Құдайбердиевтің рухани-адамгершілік ізденістері мен психологиялық көзқарастары» тақырыбында 10 сынып гимназистерінің қатысуымен кіріктірілген сабақ өткізілді.
28
сентябрь
2022
«Л.Толстой мен Ш. Құдайбердиевтің рухани-адамгершілік ізденістері мен
2022 ж. 28 қыркүйегінде Семей қаласының Шәкәрім атындағы көпсалалы гимназиясында орыс тілі және литература және психологиялық қызмет мұғалімімен бірлесіп, «Л.Толстой мен Ш. Құдайбердиевтің рухани-адамгершілік ізденістері мен психологиялық көзқарастары» тақырыбында 10 сынып гимназистерінің қатысуымен кіріктірілген сабақ өткізілді. Бұл сабақта Шәкәрім мен Л.Толстойдың ағартушылық көзқарастары, олардың халық даналығына үндеуі, шығармашылықтың өскелең ұрпақтың рухани — адамгершілік тәрбиесіне
Қарттар күніне арналған "Қарты бар ел - қазыналы ел" атты тәрбие сағаты өтті.
28
сентябрь
2022
Қарттар күніне арналған "Қарты бар ел - қазыналы ел" атты тәрбие
Қыркүйек айының 28 жұлдызында 10 "а" сыныбында қарттар күніне арналған "Қарты бар ел - қазыналы ел" атты тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, қайырымдылыққа, жақсы үлгі-өнегеге, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор, болу қасиеттеріне, мейірімділікке, қарияларды құрметтеуге тәрбиелеу, ұнамды-ұнамсыз, әдепті-әдепсіз қылықтарды ажырата білуге үйрету.
"Мектептегі құқықбұзушылықты алдын алу және мектеп формасын сақтау" тақырыбында 8 "А" сынып оқушыларына тәрбие сағаты өткізілді.
26
сентябрь
2022
"Мектептегі құқықбұзушылықты алдын алу және мектеп формасын сақтау"
Тәлімгер мұғалім Жакупов Шалқар Асқарбекұлы "Мектептегі құқықбұзушылықты алдын алу және мектеп формасын сақтау" тақырыбында 8 "А" сынып оқушыларына тәрбие сағатын өткізді.
"Мұхтар мұрасы- адамзат қазынасы" атты аймақтық байқауда 10 "А" сынып оқушысы Дүйсенбаева Дана ақындар мүшәйрасы бағыты бойынша 1-орынды жеңіп алды.
26
сентябрь
2022
"Мұхтар мұрасы- адамзат қазынасы" атты аймақтық байқауда 10 "А" сынып
26-қыркүйек күні Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік музей-қорығы және Семей қаласының Білім бөлімімен ұйымдастырылған Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойына орай өмірі мен шығармашылығын жасөспірімдер арасында кеңінен насихаттау мақсатында "Мұхтар мұрасы- адамзат қазынасы" атты аймақтық байқауда 10 "А" сынып оқушысы Дүйсенбаева Дана ақындар мүшәйрасы бағыты бойынша 1-орынды жеңіп алды. Пән мұғалімі: Толеуконырова Жупар Тлеубековна. Гимназия атынан 4 оқушы мәнерлеп оқу бағыты бойынша 8 "Ә"
М.Әуезовтың туғанына 125 жылдық мерейтойына орай гимназиямыздың оқушылары Семей қаласының облыстық тарихи -өлкетану мұражайында болып қайтты.
23
сентябрь
2022
М.Әуезовтың туғанына 125 жылдық мерейтойына орай гимназиямыздың
Қазақтың ұлы жазушысы,қоғам қайраткері, ғұлама ғалым М.Әуезовтың туғанына 125 жылдық мерейтойына орай гимназиямыздың 9 сынып оқушылары Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану мұражайында болып қайтты. Оқушылар мұражайда М.О.Әуезовтың өмір жолы мен шығармашылығы, еңбектерімен таныса отырып,соңында сұрақтарға жауап берілді. Оқушылар қызыға тыңдап, тың деректермен танысты.Ұйымдастырушы пән мұғалімі: Шидербаева А.Т. Сынып жетекшісі: Сагындыкова М.
Мектепте 23 қыркүйек "Күз сыйы - 2022" дәстүрлі күзгі жәрмеңкесі өтті.
23
сентябрь
2022
Мектепте 23 қыркүйек "Күз сыйы - 2022" дәстүрлі күзгі жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкенің мақсаты күз уақыты молшылыққа толы болғандықтан күздің берекелі, мерекелі кезін насихаттап, оқушыларды талғампаздыққа, еңбекқорлыққа баулу, балалардың қызығушылығын арттыру болды. Әр сынып әртүрлі тағамдар дайындап, тағам түрлерінің санитарлық талапқа сай жасалды және жабдықталды. Күзгі жәрмеңке бірнеше критерийлер бойынша бағаланды, оқушының киімі талапқа сай болды яғни (қалпақ, алжапқыш, медициналық қолғап), тағам бағасы, барлық тағамның қолдан пісірілуі басты міндеті болды. Бұл