2022-2023 оқу жылына қабылдау тәртібі » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
март
2022

2022-2023 оқу жылына қабылдау тәртібі




ХАБАРЛАНДЫРУ

Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназияға балаларды 1-сыныпқа қабылдау  емтихан арқылы өткізіледі. 

(Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы        3 маусымдағы  № 275 бұйрығы негізінде). 

  • Сәуірдің 1-нен 30-на  дейінгі аралықта 1 сыныпқа қабылдау емтиханына қатысу үшін балалардың ата-аналары   мен өзге де заңды өкілдерінің жазбаша өтініштері қабылданады;
  • Жазбаша өтініштері тіркелгеннен кейін балалардың емтиханға келу уақыты белгіленеді;
  • Емтихан белгіленген  мерзімде балалардың ата-анасымен,  немесе өзге де заңды өкілдерінің қатысуымен өтеді.
  • Емтихан қорытындысы өтініш білдіргендер толық емтихан тапсырып болғаннан кейін, 15 маусымға дейін жарияланады.

ЕСКЕРТУ:

Емтиханда балалардың даярлық тобындағы бағдарламаға сәйкес білімдері мен мектепке жан-жақты дайындығы ескеріледі:

  • Сөйлеуге және жазуға дайындығы (сөздік қоры, мақал-мәтел, ертегі айту, өз ойын жеткізе білуі, шағын әңгіме құрастыру, жазу маторикасының жетілуі т.б. дағдылар)
  • Қарапайым математикалық ұғымдардың қалыптасуы (санай алуы, қарапайым есептеулерді білуі, геомертиялық фигураларды ажырата білуі т.б.)
  • Қоршаған орта туралы түсінігі (жыл мезгілдері туралы түсінігі, уақыт туралы т.б. ұғымдар)
  • Мінез-құлық дағдылары (ойлау,ес,қиял, есте сақтау қабілеті т.б.)
  • Өзі туралы білетіні(бала өзі туралы, сүйікті ісі және отбасы туралы әңгімелеуі)


Қабылдау комиссиясы

Қосымша мәліметтерді мектептің электронды желілері арқылы ала аласыздар:

Shakarim_gimnazium.semey

   semei-shakarim.mektebi.kz

8 (7222) 32 – 84 – 54