Мектеп формасы » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
февраль
2020

Мектеп формасы

ҚР Білім туралы заңының 2007 жылғы 27 шілдедегі мәтінінің 49-бабының 3-тармағында «Ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер білім беру ұйымының жарғысында айқындалған қағидаларды орындауға міндетті» деп көрсетілген болатын. Ол қағидалардың бірі – орта мектептер жарғысындағы мектеп формасын сақтау еді. 

Осы міндеткерлікті тиянақтай түсу мақсатында 2011 жылғы 24 қазандағы № 487-ІV заңмен «Білім туралы» заңға толықтырулар енгізілді. Аталған заңның 47-бабының 15-1-тармағында білім алушылар мен тәрбиеленушілердің міндеті ретінде: «Орта білім беру ұйымдарында білім алушылар білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауға міндетті» деген ереже енгізілді. 
Мектебімізде оқушылардың мектеп формасы енгізілді. Оқушылардың мектеп формасы сабақты жүргізу үшін қажетті іскерлік атмосфера жасап, мектеп өмірінің маңызды бөлігі болып табылады.
Оқушылардың мектеп формасы оқыту үдерісін реттеп, оқушыларды тәртіпке үйретеді. Зияткерлік мектептері оқушыларының мектеп формасы  функционалды және жалпы жұрт қабылдаған іскерлік стилге сәйкес келеді.
Оқушылардың мектеп формасы комплектісіне:
1.Қыздарға арналған мектеп формасы
  • Юбка
  • Галстук
  • Тоқыма жемпір
  • Тоқыма көкірекше
  • Тенника
  • Сарафан
2.Ұлдарға арналған мектеп формасы
  • Шалбар
  • Галстук
  • Тоқыма жемпір
  • Тоқыма көкірекше
  • Тенника жатады