“Мама, милая мама” атты өнерпаздар байқауы
Бүгін қаламызда “Мама, милая мама” атты өнерпаздар байқауы өтті. 5 "В" сынып оқушысы Бекбаева Адия гимназиямыздың намысын қорғап, жарыстың жеңімпазы атанып Бас жүлдені жеңіп алды. Адияны осы үлкен жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жеңіс – еңбектің, талпыныстың және өнерге деген сүйіспеншіліктің жемісі. Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, талай жеңістерге жете беруіне тілектеспіз. Біз сенің жетістігіңмен мақтанамыз! 🌟💐 Жетекшісі: Есенбаева Жанар Байұзаққызы.