Ұлттық киім - ұлт мұрасы
Ұлттық киім – халқымыздың мәдениеті мен салт-дәстүрінің ажырамас бөлігі. Оның әрбір ою-өрнегі мен үлгісінде ата-бабаларымыздың өмір салты, талғамы мен дүниетанымы көрініс табады. Бүгінгі күні ұлттық киімдер өз маңызын жоғалтпай, керісінше қайта жаңғырып келеді. Біздің мектеп те бұл дәстүрден қалыс қалмай, түрлі іс-шараларда ұлттық киімдерді киіп, қазақ халқының мәдениетін насихаттап жүр. Оқушылар ұлттық киімді мақтанышпен киіп, өз елінің құндылықтарына деген құрметін көрсетуде. Ұлттық киім –