Материалы за Октябрь 2026 года » Страница 6 » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
ПЕДАГОГТЕРГЕ АРНАЛҒАН ТРЕНИНГ
07
октябрь
2026
ПЕДАГОГТЕРГЕ АРНАЛҒАН ТРЕНИНГ
«Бір толқында» атты психологиялық тренинг педагогтерге арналған «Психологиялық денсаулықты сақтау» 10 күндігі аясында ұйымдастырылды. Тренинг барысында педагогтер арасында өзара сенім мен қолдауды нығайту, тиімді қарым-қатынас орнату, командалық бірлікті арттыру және жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруға бағытталған жаттығулар жүргізілді. 🤝✨ Бір-бірімізді түсініп, қолдап, бір толқында болайық! 💚​https://www.instagram.com/reel/DeL20bkgrhQ/?stkn=MXNkZmhrZDc1NXB4Mg==​​​
«ТІЛ – ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ» атты тілдер айлығының жабылу салтанаты өтті!
07
октябрь
2026
«ТІЛ – ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ» атты тілдер айлығының жабылу салтанаты өтті!
«ТІЛ – ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ» атты тілдер айлығының жабылу салтанаты өтті! 🇰🇿✨ Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясында ұйымдастырылған «Тіл – татулық тірегі» атты тілдер айлығы өз мәресіне жетті. Айлықтың қорытынды жабылу салтанаты «Ахмет – Ұлт ұстазы» атты әдеби-сазды кеш форматында өтті. 📚🎶 Кеш барысында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы кеңінен насихатталып, оқушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, тағылымды көріністер қойып, ән-жырларын ұсынды. ✨ Әдеби-сазды кеш – ана
Ұстаз еңбегі - ұлы марапатқа лайық!
06
октябрь
2026
Ұстаз еңбегі - ұлы марапатқа лайық!
Шәкәрім атындағы №5 көпбейінді гимназияның директоры Мұқанова Нұргүл Құлжағазықызын «Белсенді әлеуметтік әріптес» төсбелгісімен марапатталуымен шын жүректен құттықтаймыз! 🌷 Бұл марапат – білім беру саласына қосқан елеулі үлесіңіз бен қажырлы еңбегіңіздің, кәсіби біліктілігіңіз бен қоғамдық белсенділігіңіздің лайықты бағасы. Сізге зор денсаулық, отбасылық амандық, шығармашылық шабыт және толағай табыс тілейміз! Гимназиямыздың жетістіктері артып, абырой-беделіңіз биіктей берсін! 💐 Марапатыңыз
3-4 сыныптарға арналған “Алтын сақа” олимпиадасы
05
октябрь
2026
3-4 сыныптарға арналған “Алтын сақа” олимпиадасы
2-қазан күні гимназиямызда 3-4 сынып оқушылары арасында білімді де алғыр балаларды анықтауға бағытталған дәстүрлі "Алтын сақа" пәндік олимпиадасы өтті. Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, ойлау қабілетін дамыту және білім сайысында өз мүмкіндіктерін сынауға жағдай жасау. Байқау барысында оқушылар: -логикалық есептерді шешіп, -дүниетанымдарын көрсетті, -шапшаңдық пен зейіндерін байқатты. Жоғары ұпай жинаған оқушылар қалалық кезеңге жолдама алды.