25
декабрь
2024
Саяхатымыз тарихтың қаралы беттеріндегі мұражайдың бірінде жалғасын тапты. Ақмола облысындағы «АЛЖИР» лагері бүгінде тарихтың қаралы бетін еске түсіретін орындардың бірі.
Саяхатымыз тарихтың қаралы беттеріндегі мұражайдың бірінде жалғасын тапты. Ақмола облысындағы «АЛЖИР» лагері бүгінде тарихтың қаралы бетін еске түсіретін орындардың бірі. Қазіргі таңда лагерь орнында саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарын еске алуға арналған «АЛЖИР» мұражайы орналасқан. Жергілікті мұражайда осы сұмдық лагерьден өткен мыңдаған әйелдердің тарихы сақталған. Мемориалдық кешендегі мұражайда әртүрлі құжаттармен және фотосуреттермен танысуға болады. Мұражай-мемориалдық кешеннің авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген сәулетшісі С.Ж.Нарынов. Мұражайға кіреберіс туннель арқылы өтеді, оның қабырғаларында қазақ халқының жаппай саяси қуғын-сүргін жылдарындағы өміріндегі қиын кезеңді бейнелейтін картиналар орналасқан.
«АЛЖИР» мемориалдық кешеніне кіреберістің алдында 14 елдің: Польша, Франция, Германия, Венгрия, Израиль, Корея, Беларусь, Грузия, Армения, Украина, Эстония, Литва, Латвия және Әзірбайжанның мемориалдық белгілері орнатылған.
Келесі ғимарат оқушылар үшін қызық әрі, көңілді болды деп айтсақ болады. Думан океанариумы - қаланың көрнекті орындарының бірі. Мұнда балықтардың сан мыңдаған түрі мен су астындағы тіршілік иелерін анық көріп , тамашалауға болады.
Одан әрі оқушылар мен ұстаздар Тұғыш Президент орталығында болды. Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы — Астана қаласындағы ғылыми және мәдени - ағарту мекемелерінің бірі.
Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтің ұсынысы бойынша "жаңа астананың мәдени және рухани кейпін арттыру, үлкен қоғамның Қазақстан халқының тарихи мұрасымен, оның әлемдік мәдениет пен өнер саласындағы жетістіктерімен танысуы мақсатында (Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылдың 27 қазанынан № 1620) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мұражайы» және «С. Сейфуллин атындағы Республикалық бұқаралық кітапхана» екі республикалық мекеменің бірігуі арқылы құрылған. Саяхатшылар ғимараттың әр бөлігімен танысып, ерекше әсерлерімен бөлісті. Осындай керемет , тарихи сәтті сыйлаған Мәжіліс депутаты Нұртай Салихұлына ерекше алғыстарын жаудырумен болды.