21
январь
2025
6 «Ә» сыныбында «КреоТоп» командасының ұйымдастыруымен «Ата-аналар командасы» тренді арқылы сыныптағы ынтымақтастықты нығайтуға бола ма?» тәрбие беру жобасының аясында жоспарға сай «Мен кіммін?» тақырыбында оқушылармен көңілді үзіліс ұйымдастырылды
6 «Ә» сыныбында «КреоТоп» командасының ұйымдастыруымен «Ата-аналар командасы» тренді арқылы сыныптағы ынтымақтастықты нығайтуға бола ма?» тәрбие беру жобасының аясында жоспарға сай «Мен кіммін?» тақырыбында оқушылармен көңілді үзіліс ұйымдастырылды. Мақсаты: ойын элементтерін қолданып, бір-бірін тануды жақсарту. Ойын шарты бойынша оқушылар қағазға өзі туралы 3 дерек жазады, (мысалы: “Менің сүйікті спортым – футбол”, “Менің сүйікті түсім – көк”) т.б. Барлық қағаздар араластырылып, кезекпен оқылады. Қалған оқушылар қағазда жазылған оқушының кім екенін табуы керек. Көңілді үзілістегі ойын оқушылардың бір-бірімен ынтымақтасуына жағдай жасай алды. Оқушыларға бір-бірі туралы көптеген ақпаратпен танысуға мүмкіндік жасалды.
Жауапты: Команда мүшелері
Жауапты: Команда мүшелері