07
февраль
2025
7 “Б “ сыныбында “Ойын элементтері арқылы оқыту трендінің жалпы білім сапасына әсері“командалық жұмыс жоспары
07.02.2025 ж. 7 “Б “ сыныбында “Ойын элементтері арқылы оқыту трендінің жалпы білім сапасына әсері“командалық жұмыс жоспарын жүзеге асыру мақсатында информатика пәнінен “Тармақталу алгоритмін программалау. Практикум” тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Оқушылар “Stopwatch ” платформасы арқылы 3 командаға жинақталды.Өткен материалдарды қайталау мақсатында “Socrative ” платформасындағы сұрақтарға жауап берді.
Сабақ барысында командалар олимпиадалық ойын кезеңдерін өту арқылы Genially платформасында тапсырмаларды ашып, өз жауаптарын дұрыс жауаптармен салыстырып тексерді. Python программалау тілінде практикалық жұмыстар орындады. Командалар 2 командалық жұмыс және 1 жеке практикалық жұмыс орындады. Есептерді өзара ақылдасып шешіп, Python программалау тілінде орындады. Әр дұрыс шешімге 1 фишка беріліп отырды. Командаларда бағалаушы оқушыларды арнайы бағалау парағында берілген дескрипторлар арқылы бағалады. Оқушылар экранда көрсетілген тұжырымдарды ақиқат немесе жалған екенін анықнап тақырыпты бекітеді.
Оқушылар фишкалар арқылы бағаланды. Сабақ бойы жиналған фишкаларды шкалаға орналастырып өздерін бағалады. Мұғалім әр команданың бағалау парағын жинап, әр оқушының өзін-өзі бағалауын ескеріп, жалпы сабақтағы белсенділігіне қарай бағалады.
Оқушылар кері байланыс ретінде “Олимпиада тұғыры” суреті арқылы сабақты меңгергендіктерін Mentimetr платформасында белгіледі.