31
март
2025
31 наурыз күні «Тәрбиемен берілген білім-өлшеуі жоқ қазына» тақырыбында кезекті педагогикалық кеңес өтті.
31 наурыз күні «Тәрбиемен берілген білім-өлшеуі жоқ қазына» тақырыбында кезекті педагогикалық кеңес өтті. Директор Н.К. Муканова өз іс-тәжірибесімен түрлі деңгейде бөліскен, түрлі олимпиадалар мен кәсіби сайыстарда жүлделі орындарға ие болған мұғалімдердің марапаттарын табыстады. Күн тәртібінде «Білім беру мазмұнына құндылықтарды кіріктіру стратегиялары» атты баяндаманы ДТІЖО А.М. Кунанбаева мұғалімдерді топтарға біріктіре отырып, жеткізді. Мұғалімдер өз пәндерінің ерекшелігіне қарай оқытуға құндылықтарды енгізу тәжірибесімен бөлісті, аз уақытта өнімді жұмыс істеу үлгісін көрсетті. Мұратова А.Ж. «7-сынып оқушылары арасында белсенді іс-әрекеттер арқылы қолайлы ортаны қалыптастыра аламыз ба?», Бакытова А.Б. «Ата-аналар көмегімен «командалық жоба» тренді арқылы сыныптағы ынтымақтастықты нығайтуға бола ма?», Асубаева М. «6 «Б» сынып оқушылары арасында белсенді іс-әрекеттер арқылы қолайлы ортаны қалыптастыра аламыз ба?» тақырыптарындағы тәрбие жобаларының өту барысын, өнімін баяндады. Нугманова А.Б. «Мектеп ауласын көгалдандыру-2025» жобасымен таныстырды. Токсеитова С.М. Қаңтар айының ҰБТ нәтижесімен, III оқу тоқсанының қорытындысын талқылауға ұсынды. А.М. Кунанбаева III оқу тоқсанының сыныпаралық рейтинг қорытындысын шығарып, үздік сыныптардың нәтижелерін атап өтті.