ҰЛЫ ЖЕТІСТІК – ҮЛКЕН МАҚТАНЫШ! » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
июнь
2026

ҰЛЫ ЖЕТІСТІК – ҮЛКЕН МАҚТАНЫШ!

ҰЛЫ ЖЕТІСТІК – ҮЛКЕН МАҚТАНЫШ! ✨
Бүгін облысымыздың ең үздік түлектеріне арналған салтанатты рәсімде Абай облысының әкімі Berik Uali «Алтын белгі» иегерлеріне куәліктері мен төсбелгілерін табыстады.
Бұл – үздіксіз еңбектің, табандылықтың, білімге деген құштарлықтың жемісі.
Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясы үшін бұл жыл ерекше жетістіктермен есте қалмақ. Мектебімізден 7 оқушы «Алтын белгі» иегері атанып, білім мен еңбектің биік үлгісін көрсетті.
Салтанатты жиында мектебіміздің мақтанышы, «Алтын белгі» иегері Халел Сырым түлектер атынан сөз сөйлеп, ұстаздарына, ата-аналарына және білім нәрімен сусындатқан мектебіне шынайы алғысын білдірді.
Біз түлектеріміздің жетістіктерін мақтан тұтамыз! Жарқын болашаққа бастар жолдарың ашық болып, алған білімдерің ел игілігіне қызмет етсін!
💫 7 «Алтын белгі» иегері
💫 Үлкен еңбек пен үлкен жеңіс
💫 Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясының мақтанышы