Ақпарат » Страница 3 » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Әлем таныған Әуезов" шығармашылық байқауы
28
сентябрь
2026
"Әлем таныған Әуезов" шығармашылық байқауы
28 қыркүйек күні қалалық “Әлем таныған Әуез. Әуез әлемі” байқауына “М.Әуезов суретшілер көзімен” номинациясы бойынша  11 “а” сынып оқушысы Қанат Мұстафа қатысып II орын иеленді. “М.Әуезовтің шығармаларына сахналық қойылым” номинациясы бойынша 10 “Б” сынып оқушысы Асқарова Амира III орын иеленді. Жетекшілері: Рақымбек Т.Қ
11-сынып оқушыларына арналған тренинг
23
сентябрь
2026
11-сынып оқушыларына арналған тренинг
«Мен және менің болашағым: таңдау, қысым және өзіме сенім» 11-сынып оқушыларына арналған тренинг барысында мамандық таңдау, ҰБТ алдындағы қобалжу, ата-ана мен қоғамның күтуі, өзгені өзімен салыстыру және қателесуден қорқу сияқты маңызды мәселелер қозғалды. Оқушылар өз эмоцияларын түсініп, қысым жағдайында дұрыс шешім қабылдау, өз таңдауына сену және болашаққа алаңдаушылықты жеңілдетудің тиімді жолдарын қарастырды. ✨ Өз жолыңды табу — өзгеге ұқсаудан емес, өзіңді түсінуден басталады.
ҚАЛАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДАҒЫ ЖЕҢІС!
23
сентябрь
2026
ҚАЛАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДАҒЫ ЖЕҢІС!
ҚАЛАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДАҒЫ ЖЕҢІС! Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Т.И. Аманов атындағы жалпы білім беретін мектептердің 9–11 сынып оқушыларына арналған математикадан қалалық олимпиадасында мектебіміздің оқушылары жүлделі орындарға ие болды! 🎉 🥇 Жұмабек Алижан — І орын 🎟️ Облыстық кезеңге жолдама! 🥉 Тұрсынбеков Ермекжан — ІІІ орын 👏 Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз! Білімге деген талпыныстарыңыз бен еңбектеріңіз әрдайым биіктен көріне берсін! ✨ Облыстық кезеңде сәттілік тілейміз!
ГИМНАЗИЯ ТАРИХЫНДАҒЫ ЖАҢА ЖЕҢІС!
22
сентябрь
2026
ГИМНАЗИЯ ТАРИХЫНДАҒЫ ЖАҢА ЖЕҢІС!
 ГИМНАЗИЯ ТАРИХЫНДАҒЫ ЖАҢА ЖЕҢІС! 🥇 «ҮЗДІК ПЕДАГОГ–2026» қалалық байқауының ЖЕҢІМПАЗЫ — ЕСЕНБАЕВА ЖАНАР БАЙУЗАКОВНА! Білім беру саласындағы кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісін, педагогикалық тәжірибесі мен біліктілігін жоғары деңгейде көрсетіп, қалалық байқауда жеңімпаз атанған ұстазымызды шын жүректен құттықтаймыз! 💐 Бұл — Жанар Байузаковнаның жеке жетістігі ғана емес, бүкіл гимназия ұжымының мерейі мен ортақ мақтанышы! ❤️ Ұстаз еңбегі — шәкірт жүрегіне жол салатын ұлы еңбек. Жеңісіңіз
Мұғалімдер күніне арналған онкүндіктің ашылуы өтті
22
сентябрь
2026
Мұғалімдер күніне арналған онкүндіктің ашылуы өтті
Ұстаздарға мың алғыс! Мұғалімдер күніне арналған онкүндіктің ашылуы өтті. Ашылу барысында оқушылар алдағы онкүндік аясында ұйымдастырылатын іс-шаралармен танысып, жоспар бойынша өздеріне берілген тапсырмаларды алды. Онкүндік – ұстаз еңбегін бағалау, білім мен тәрбие жолындағы ерен еңбегіне құрмет көрсету, оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыруға бағытталған түрлі қызықты іс-шараларға толы болмақ. Ұстазға деген құрмет – білімге деген құрмет. Ұстаздарға мың
"Туған қалам-Семейім" байқауы
21
сентябрь
2026
"Туған қалам-Семейім" байқауы
Қала күніне орай ұйымдастырылған "Туған қалам - Семейім" бейнероликтер байқауына 10 сынып оқушысы Келисбекова Дария қатысып, туған қаламыздың тарихы мен мәдениетін, сәулеті мен көркем келбетін шығармашылық тұрғыда насихаттауға және оның қоғамдық - мәдени маңызын дәріптеуге үлес қосқаны үшін Семей қаласының әкімі Әділет Қожанбаевтың алғыс хатымен марапатталды   
2–4 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған жиналыс
16
сентябрь
2026
2–4 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған жиналыс
«Бірге өсеміз: баланың дербестігін, өзіне деген сенімін және қауіпсіздігін қолдау» 2–4 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған кездесу барысында баланың дербестігін қалыптастыру, өзіне деген сенімін арттыру, қауіпсіз орта құру және ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынастың маңызы талқыланды.