"Мектепке жол" қайырымдылық акциясы
Армысыздар, құрметті қонақтар, қадірлі ұстаздар, ата-аналар және оқушылар! Баршаңызды Шәкәрім баба атындағы гимназиямыз ұйымдастырып отырған «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясындағы бүгінгі игі шарамызда көргенімізге қуаныштымыз! «Мектепке жол» – балаларға қолдау көрсетіп, жаңа оқу жылын қуанышпен бастауына мүмкіндік беретін ізгі бастама. Қайырымдылық – мейірімділік пен қамқорлықтың, ал бірлік – жақсылықтың негізі. Осы акцияға атсалысып, балаларға қажетті оқу құралдары мен сыйлықтарды