Ақпарат » Страница 7 » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
Тәрбие сағаты
07
апрель
2026
Тәрбие сағаты
2026 жылғы 7 сәуір күні «Салауатты өмір салты – табысты болашақтың негізі» атты жалпы республикалық бірыңғай сабақ тұжырымдамасына сәйкес тәрбие сағаттары өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты – мектеп оқушыларына салауатты өмір салтын маңызды өмірлік құндылық ретінде түсіндіру және оны тұрақты түрде ұстануға бағыт беру. Іс-шара барысында оқушылар салауатты өмір салтының негізгі құрамдас бөліктерімен танысып, физикалық және психикалық денсаулықтың маңызын талқылады. Сонымен қатар өзін-өзі реттеу,
Қауіпсіздік бойынша нұсқаулық өтті
07
апрель
2026
Қауіпсіздік бойынша нұсқаулық өтті
Абай облысы білім басқармасының «Семей қаласының білім бөлімі» ММ   02.04.2026 жылғы №441 хатына сәйкес терроризм актісіні жасау қаупі туындаған кездегі білім беру ұйымдары қызметкерлерінің, білім алушыларының іс-қимыл алгоритмімен таныстырылып, нұсқаулық жүргізілді.
Таңғы жаттығу
06
апрель
2026
Таңғы жаттығу
2026 жылғы 7 сәуір күні «Салауатты өмір салты – табысты болашақтың негізі» атты жалпы республикалық бірыңғай сабақ аясында мектебімізде таңғы жаттығу өткізілді. Таңғы жаттығу барысында оқушылар бой сергітіп, дене бұлшықеттерін белсенді іске қосып, жаңа оқу күніне сергек көңіл-күймен қадам басты. Бұл шара оқушылардың күнделікті өмірінде дене белсенділігін арттыруға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталды. Қозғалыс – денсаулықтың негізі, ал белсенді өмір – табысты болашақтың кепілі.
“Digital Science: табиғат, ғылым және ЖИ” жаратылыстану пәндері әдісбірлестігінің апталығы
06
апрель
2026
“Digital Science: табиғат, ғылым және ЖИ” жаратылыстану пәндері
06.04. күні гимназиямызда жаратылыстану пәндері әдісбірлестігінің “Digital Science: табиғат, ғылым және жасанды интеллект” атты апталығы басталды.  Апталықтың ашылуына орай оқушыларды арнайы қарсы алып, оларға зияткерлік-танымдық тапсырмалар ұсынылды. Бұл тапсырмалар оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытып, ғылымға деген қызығушылығын арттыруға бағытталды. Іс-шара барысында жүргізушілер апталықтың маңыздылығына тоқталып, ғылым, табиғат және жасанды интеллекттің өзара байланысын ерекше
Спорттағы сенімді қадам!
06
апрель
2026
Спорттағы сенімді қадам!
Абай облысында өткен панкратионнан ашық турнирде 10 «Б» сынып оқушысы Мустаханов Айбар жоғары нәтиже көрсетіп, 69 кг салмақ дәрежесінде 🥇 I орын, 66 кг салмақ дәрежесінде 🥉 III орын иеленді! Бұл — табандылық пен тынымсыз еңбектің, үздіксіз дайындықтың айқын жемісі. Осындай биік белестерді бағындырып, алдағы жарыстарда да жеңіс тұғырынан көріне беруіңе тілектеспіз! Жеңісті жолың жалғаса берсін!
«Таза Қазақстан»
04
апрель
2026
«Таза Қазақстан»
Таза Қазақстан – таза болашақ! 2026 жылға арналған «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасын іске асыру аясында гимназиямыздың ұжымы сенбілікке белсенді түрде қатысты. Табиғатты аялау – әрбір азаматтың парызы. Бірлік пен ұйымшылдықтың арқасында ауламыз тазарып, қоршаған ортамыз көркейе түсті. Табиғатты қорғау – өзімізден басталады! Әрқайсымыздың кішкентай үлесіміз – үлкен өзгеріске жол ашады.​https://www.instagram.com/reel/DWtlXFnjHE5/?igsh=MWMwb2Y5c3l6aGs3NA==​​​
Өндірістік іс-тәжірибе барысында 10 сынып оқушылары арасында ағылшын тілі пәнінен «Discover English-speaking Countries» іс-шарасын өткізді
03
апрель
2026
Өндірістік іс-тәжірибе барысында 10 сынып оқушылары арасында ағылшын
«Шәкәрім университетінің  Екі шет тілі»мамандығының 4 курс студенттері өндірістік іс-тәжірибе барысында 10 сынып оқушылары арасында ағылшын тілі пәнінен «Discover English-speaking Countries» іс-шарасын өткізді. Іс-шараның басты мақсаты оқушылардың ағылшын тілінде сөйлейтін елдер туралы білімдерін кеңейту, мәдениетін танып-білу және тілдік дағдыларын дамыту. Іс-шара барысында оқушылар Ұлыбритания және АҚШ елдерінің тілдік және мәдени ерекшеліктерімен танысты. Топтық жарыс 3 кезеңнен тұрды: І
Рухани мұра - сапалы білімнің негізі
03
апрель
2026
Рухани мұра - сапалы білімнің негізі
Бүгін облыста  «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ базасында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы мен Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваның 80 жылдық мерейтойына арналған «АБАЙ ДАНАЛЫҒЫ МЕН ҚАНИПА БІТІБАЕВА ӘДІСТЕМЕСІ: ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ» атты облыстық ғылыми-әдістемелік семинары өтті. Семинар барысында ғалым, ф.ғ.докторы, профессор Еспембетов Арап Сләмұлы, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан  университетінің  профессоры, ф.ғ.д, «Абайтану» ғылыми-зерттеу институтының
Жас математиктердің жетістігі
03
апрель
2026
Жас математиктердің жетістігі
«Алтын түлек» математикалық олимпиадасының республикалық кезеңінде 10-сынып оқушылары Бақытжанұлы Салауат І орынды,  Ғалымов Ерхан ІІІ орынды ие болды. Оқушыларды дайындаған – пән мұғалімі Ж.Н.Дүрмекбаева  Жеңімпаздарды жоғары жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Ұстаз еңбегі әрдайым жемісті болсын!
Наурыз айында өткен ҰБТ бойынша гимназия үздіктері
02
апрель
2026
Наурыз айында өткен ҰБТ бойынша гимназия үздіктері
ИМНАЗИЯ МАҚТАНЫШТАРЫ: НАУРЫЗ ҰБТ-2026 ҚОРЫТЫНДЫСЫ!  Білім шыңын бағындыру — қажырлы еңбек пен темірдей төзімділікті талап етеді. Наурыз айында өткен ҰБТ-ның аралық қорытындысы бойынша мектебіміздің оқушылары ерен жүйріктік танытып, үздік нәтижелер көрсетті! 🤩✨ 🌟 БІЗДІҢ ТОП-КӨШБАСШЫЛАР: 🥇 Кенжеғазина Шырын — 135 БАЛЛ (Ең жоғары көрсеткіш!) 🔹 Бейіндік пәні: Математика + География 🥈 Аринбай Арнай — 134 БАЛЛ 🔹 Бейіндік пәні: Дүниежүзі тарихы + Ағылшын тілі 🥉 Мейрамғалиева Айзере — 133 БАЛЛ 🔹