Ақпарат » Страница 4 » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
Республика күніне орай дебат пікірталасы өтті.
23
октябрь
2025
Республика күніне орай дебат пікірталасы өтті.
Бүгін мектебімізде Республика күніне орай дебат пікірталасы өтті. Оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, еліміздің дамуы мен болашағы туралы терең пікір алмасты.  Бұл шараның мақсаты — жас ұрпақтың азаматтық ұстанымын қалыптастыру, сыни ойлау мен шешендік қабілеттерін дамыту болды. Барлық қатысушыларға белсенділік пен шығармашылық үшін үлкен алғыс! 🌟 Жетекшілері: Есенбаева Ж.Б. Белгібаева М.Д. ​https://www.instagram.com/reel/DQKLsVAjJTx/?igsh=MXFjOGtxM3M0b3ZpOQ==​​​
2025–2026 оқу жылының алғашқы «Қамқоршылық кеңесі» отырысы өтті.
22
октябрь
2025
2025–2026 оқу жылының алғашқы «Қамқоршылық кеңесі» отырысы өтті.
22 қазан күні гимназиямызда 2025–2026 оқу жылының алғашқы «Қамқоршылық кеңесі» отырысы өтті. Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясының Қамқоршылық кеңесі отырыс алдында гимназия мұражайын аралап, білім ордасының бай тарихымен, жетістіктерімен және мақтаныш тұлғаларымен танысты. Мұражай – ұрпақ сабақтастығы мен рухани құндылықтардың алтын қазығы екені сөзсіз!     Кеңес барысында гимназия мен ата-аналар арасындағы ынтымақтастықты нығайту, оқушыларға көрсетілетін әлеуметтік қолдау шаралары және
Гимназия тарихындағы жаңа жеңіс!  "ҮЗДІК ПЕДАГОГ-2025" республикалық байқауының жеңімпазы
21
октябрь
2025
Гимназия тарихындағы жаңа жеңіс! "ҮЗДІК ПЕДАГОГ-2025" республикалық
Қуанышты жаңалық! 🌟 Біздің гимназиямыздың тағы бір ұстазы — республикалық деңгейде абыройымызды асқақтатып, «Үздік педагог – 2025» атағына ие болды! 🎉 Бұл — үлкен еңбектің, талмай ізденудің және шәкіртке деген шынайы махаббаттың жемісі.  Айта кетсек, бұл жетістік — гимназия тарихында республикалық Үздік педагог атанған 5-ші ұстазымыз!  Құрметті әріптесіміз,тарих пәні мұғалімі,педагог-зерттеуші ЖУМАБЕКОВА ГУЛЬМИРА БЕКТЕМИРОВНАНЫ шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыс, жаңа биіктер тілейміз!
" Қазақстан-ортақ үйіміз" атты тәрбие сағаттары өткізілді.
21
октябрь
2025
" Қазақстан-ортақ үйіміз" атты тәрбие сағаттары өткізілді.
1-11 сыныптар арасында 25 қазан Республика күніне орай " Қазақстан-ортақ үйіміз" атты тәрбие сағаттары өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларда Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезім қалыптастыру, ел тарихы мен мемлекеттік мерекенің маңыздылығын түсіндірілді.​https://www.instagram.com/reel/DQE9nPAjOdp/?igsh=MTI0bXByanQ2djVseQ==​​​
Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
20
октябрь
2025
Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Баршаңызды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күн – халқымыздың тәуелсіздік пен бірлік жолындағы рухын дәріптейтін ерекше мереке. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, көк туымыз мәңгі желбірей берсін! 💙 🌟Қатысқан: 6 В сынып оқушылары ✨ Сынып жетекшісі: Жагипарова Айгерім Бакытовна 🌟 Ұйымдастырушы: жас маман Акимова Ажар Мадьярқызы 📸 Мобилограф: 10 ә сынып оқушысы Төлеубек Нұркен ​https://www.instagram.com/reel/DQJtcVHDAdH/?igsh=MXMyN204YTk0OG16NQ==​​​
Ұлағатты ұстаз - ұлт мерейі!
20
октябрь
2025
Ұлағатты ұстаз - ұлт мерейі!
Лиза Даулетияқызы  ⁠1972-73 жылдары Семейдегі №5 қазақ мектебінде еңбек жолын бастап, осы мектепте 30 жыл ұстаздық қызметте болып, зейнеткерлікке шыққан ұлағатты ұстаз. Мектепте жұмыс жасаған жылдарында “Қазақ тілі” қоғамының төрайымы ретінде тіл туралы түрлі шаралар өткізіп, дәстүрлі көркемөнерпаздар байқауында  ән шырқап, қоғамдық жұмыстарға да белсене араласты. Отыз жылда қаншама дарынды шәкірттер тәрбиелеп, талай түлектерді қанаттандырып, алтын ұя мектебінен ұшырған ардақты ұстаз.    
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 8-11 сынып оқушыларына арналған республикалық зерттеу жобалар конкурсының қалалық кезеңі
20
октябрь
2025
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 8-11 сынып оқушыларына арналған
Мектебіміздің мақтаныштары қалалық деңгейде өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының іріктеу кезеңінде жүлделі орындарға ие болды!                                                                                                                                                                                                                                                                    👏 Құттықтаймыз:  1)Темірбаева Аяулым, Төлеугазина Бағзада (8-сынып)