7”Б” сыныбында командалық жоба бойынша ашық сабақтар өткізілді.
16.01 күні 7б сыныбында “EduPro7” командасы жұмысының жоспары бойынша химия пәнінен “Табиғи қышқылдар мен негіздер” тақырыбында командалық жоба сабағы өткізілді. Сабақтың зерттеушілік мақсаты ойын элементтерін енгізе отырып оқыту арқылы білім сапасын арттыру болды. Үй тапсырмасын wordwall платформасы арқылы тексеріп, білім алушылардың қызығушылығын арттыру үшін қысқаша бейнекөрсетілім көрсетілді. Командаларға бөлініп, “Арқан тартыс” ұлттық ойыны әдісі арқылы мәтінмен жұмыс жасап, сұрақтарға