Тәрбие » Страница 4 » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
24 қазан — кітапханашылар күні.
09
октябрь
2025
24 қазан — кітапханашылар күні.
24 қазан — кітапханашылар күні. Қазақстан Республикасы Үкіметтің 2022 жылғы 18 қазан № 833 қаулысымен "24 қазан — кітапханашылар күні" болып бекітіліп, үш жылдан бері бұл мереке ресми түрде аталып келеді. Білімге ұмтылған оқырманның табылар жері – кітапхана. Жаңа технология заманында да кітап адамның ой-өрісіне ықпал жасап, рухани азығы болып қала бермек.  Мақсаты:  -    Оқырман мен кітап арасындағы байланысты нығайтуға;  -    Кітапхананы – білім мен руханияттың ордасы ретінде
Гимназиямыздың "Тарлан" пікірсайыс клубына мүшелікке шақырамыз!
07
октябрь
2025
Гимназиямыздың "Тарлан" пікірсайыс клубына мүшелікке шақырамыз!
Құрметті оқушылар!   Сіздерді гимназиямыздың "Тарлан" пікірсайыс клубына мүшелікке шақырамыз! Егер:   ✅ Өз ойыңды еркін жеткізгің келсе   ✅ Сөйлеу мәдениетін дамытқың келсе   ✅ Көшбасшы болғың келсе   ✅ Жаңа достар тапқың келсе   онда дәл қазір дебат клубына қосыл! 🗓 Кездесу уақыты: 8 қыркүйек сағат 13.30 📍 Өтетін орны:14 кабинет Жетекшісі:Шидербаева Айгерим Толеугазыевна  Кел де, пікір айт! Дауысың естілсін! ​https://www.instagram.com/reel/DPgO9_LDIYO/?igsh=bTUwOXlqMHIwcnE=​​​
Бүкіләлемдік лайықты еңбек күні аталып өтілді!
07
октябрь
2025
Бүкіләлемдік лайықты еңбек күні аталып өтілді!
2025 жылғы 7 қазанда Шәкәрім атындағы көпбейінді N 5 гиназиясында Бүкіләлемдік лайықты еңбек күніне орай салтанатты  жиын өтті.Шараға гимназия кәсіподақ ұйымының төрайымы Айтбаева Лимара Слямханқызы,  ұстаздар,техникалық қызметшілер мен еңбеккерлер қатысты. Жиын барысында лайықты еңбек ұғымының маңыздылығы, еңбек құқықтарын қорғау, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жайлы айтылды. Еңбек адамдары өздеріне арналған шағын концертті тамашалады.
Мектебіміздің Парламенті аяулы ұстаздарымызға арнап жүрекжарды құттықтауын ұсынды. 💐
01
октябрь
2025
Мектебіміздің Парламенті аяулы ұстаздарымызға арнап жүрекжарды
​​​​Ұстаз – ұлттың шамшырағы, ұрпақтың жол көрсетушісі. Қымбатты мұғалімдер! Сіздердің еңбектеріңіз – болашағымыздың алтын қазығы. 🙏❤️ 📹 Бұл бейнеде әр шәкірттің шынайы ықыласы, әр жүректің алғысы бар. #ҰстаздарКүні #МектепПарламенті #ҚұрметтіҰстазым ​https://www.instagram.com/reel/DPQNRMJCOj6/?igsh=MTVweHRocWZxaDBkNw==​​​
5 “Б” сыныбында жоспар негізінде “Буллинг” тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
17
сентябрь
2025
5 “Б” сыныбында жоспар негізінде “Буллинг” тақырыбында тәрбие сағаты
5 “Б” сыныбында жоспар негізінде “Буллинг” тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Тақырып бойынша сыныптың оқушылары өз ойларымен бөлісіп, қазіргі таңдағы ауқымды мәселе екеніне тоқталды. Сондай-ақ тәрбие сағатқа гимназияның әлеуметтік педагогі Шынар Амангелдіқызы қатысып, оқушыларға түсінік жұмыстарын жүргізді. Сынып жетекші: Шакарова Арайлым Сержанқызы
Ұлттық киім күні – болмыстың бейнесі!
12
сентябрь
2025
Ұлттық киім күні – болмыстың бейнесі!
Ұлттық киім күні – болмыстың бейнесі! Бүгін мектебімізде ұлттық киім күні ерекше рухпен өтті. Әр сынып өз дәстүрін, өз болмысын киім арқылы паш етіп, ата-бабамыздан жеткен асыл мұраны дәріптеді. Осы күні ерекше белсенділік танытып, әдемі үлгі көрсеткен үздік сыныптарымыз: 6 «В» 5 «В» 4 «А» 2 «Б» 2 «Ә» Ұлттық киім – ұлттың жаны, рухтың айнасы.Бұл күн жас ұрпақтың бойына мақтаныш сезімін дарытып, ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілікті арттырады.
2”Ә”сыныбында “Отбасым-бақыт мекені”тақырыбында тәрбиелік мәні зор тәрбие сағаты өтті.
09
сентябрь
2025
2”Ә”сыныбында “Отбасым-бақыт мекені”тақырыбында тәрбиелік мәні зор
2”Ә”сыныбында “Отбасым-бақыт мекені”тақырыбында тәрбиелік мәні зор тәрбие сағаты өтті.Балалар отбасы Отанның бір бөлігі екенін түсіне отырып, өз жанұясы туралы қызықты оқиғаларымен бөлісіп,  өз ойларын еркін ашық жеткізе білді.Сонымен қоса   өмір қауіпсіздігі сабақтары қамтылып,төтенше жағдай туындаған кезде қандай  жедел қызметтерге қоңырау шалу керектігін естеріне түсірді.Оқушылар сабаққа қызыға  белсенді қатысты.
8-қыркүйек күні бастауыш сынып оқушылары арасында “Тілім менің – тірегім!” атты салтанатты лездеме өткізілді.
08
сентябрь
2025
8-қыркүйек күні бастауыш сынып оқушылары арасында “Тілім менің –
8-қыркүйек күні бастауыш сынып оқушылары арасында “Тілім менің – тірегім!” атты салтанатты лездеме өткізілді. Негізгі мақсаты оқушыларды ана тілін сүюге, құрметтеуге, ұлттық мәдениетке баулу, тілге деген жауапкершілік пен мақтаныш сезімін қалыптастыру. Оқушылар өз өнерлерін көрсетті: “Ана тілім” әні орындалды, тақырыпқа сәйкес өлең жолдары оқылды, ұлттық би билеп, көпшілікке жақсы көңіл-күй сыйлады. Бұл мереке – оқушылардың ана тіліне деген құрметін білдіріп, ұлт рухын көтерген тамаша күн
“Үш тіл білу — заман талабы” атты пікірталас өтті.
08
сентябрь
2025
“Үш тіл білу — заман талабы” атты пікірталас өтті.
Шәкәрім атындағы көпбейінді N5 гимназиясында Қазақстан халқының тілдері мерекесіне орай  “Тілдер шеруі” айлығы өтіп жатыр. Бүгінгі жоспарға сәйкес   “Үш тіл білу — заман талабы” атты пікірталас өтті. Пікірталасқа 10”Б” сыныбының оқушылары қатысты. Гимназиямыздың директоры Нұргүл Құлжағазықызы спикерлердің ойы мен ойынын жоғары дәрежеде бағалап, ұсыныстарын айтты.  Жауапты мұғалімдер: “Тарлан” дебат клубының жетекшісі, тарих пәнінің мұғалімі Шідербаева Әйгерім Төлеуғазықызы мен қазақ тілі мен