Тәрбие » Страница 6 » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
Алғыс айту күніне орай “Ұстазыма алғыс” челленджі
28
февраль
2026
Алғыс айту күніне орай “Ұстазыма алғыс” челленджі
Алғыс айту күніне орай “Ұстазыма алғыс” челленджі Ұстаз – тек білім беруші емес. Ұстаз – бір жүректі оятатын шырақ, бір тағдырға бағыт беретін жарық, бір үмітке дем беретін күш. Осы челлендж арқылы әр ұстаз өз өмір жолында із қалдырған жандарға – тәлім берген аға буынға, қолдау көрсеткен әріптеске, сенім артқан басшыға, жанынан табылған жандарға алғыс білдіреді. Өйткені алғыс – тәрбиенің өзегі. Алғыс – рухани байлықтың белгісі. Алғыс – жүректің тазалығы. Бұл бейне – жай ғана челлендж емес. Бұл
Білім ордасындағы тағылымды кездесу
25
февраль
2026
Білім ордасындағы тағылымды кездесу
Тастекеев Қайрат Құлбайұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Абай облысынан депутаты гимназиямызға арнайы іссапармен келді 🤝 Кездесу барысында құрметті мейман ұстаздарымызбен жүздесіп, алда келе жатқан 15 наурыздағы референдумның маңызы мен мәні туралы кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді 📚🗳️ Мұғалімдер тарапынан қойылған сұрақтарға нақты әрі мазмұнды жауап беріп, пікір алмасу алаңы ашық форматта өтті 💬 Сондай-ақ, кездесу аясында бірқатар ұстаздарымызға Amanat партиясының
Құрмет пен жеке шекаралар
24
февраль
2026
Құрмет пен жеке шекаралар
2026 жылдың 23 ақпанында 10-11 сынып оқушыларына “Некеге мәжбүрлеу,сталкинг және әйелдерге қатысты өзге де зорлық-зомбылықтың түрлеріне қатысты құқықтық сауаттылықты арттыру және нөлдік төзімділікті қалыптастыру” жөніндегі ақпараттық науқан аясында «Құрмет пен жеке шекаралар” атты қысқаметражды фильмдері көрсетіліп, оқушылармен зорлық-зомбылық, мәжбүрлеу және сталкинг жағдайлары талқыланды.
“Бір кітап - бір жүрекке жылу сыйлайды” акциясы
20
февраль
2026
“Бір кітап - бір жүрекке жылу сыйлайды” акциясы
📚 14 ақпан — Халықаралық кітап сыйлау күніне орай “Бір кітап- бір жүрекке жылу сыйлайды” акциясына 10 “А” сынып оқушылары өз үлестерін қосуда.​https://www.instagram.com/reel/DU-Z-diDKWE/?igsh=MTc3bjNwd2xncDl4NA==​​​
Жайдарман - 2026 "Маусымашар" ойыны
20
февраль
2026
Жайдарман - 2026 "Маусымашар" ойыны
 ЖАЙДАРМАН | МАУСЫМАШАР 2026 🎭 Мектебімізде 8–9 сыныптар арасында Жайдарман ойынының жаңа маусымы — маусымашар жоғары деңгейде өтті! 🔥 Бұл кеште сахнада тапқырлық, креатив, командалық бірлік пен нағыз жастар энергиясы көрініс тапты. Әр команда өз стилін көрсетіп, көрермендерге керемет көңіл күй сыйлады 👏✨ 📌 Маусымашарға қатысқан командалар: 8 «А» – Жұмбақтама 8 «Ә» – ЖастарTime 8 «Б» – Жастар вайбы 8 «В» – Сиқырлы жандар 9 «А» – Тигрицы 9 «Ә» – 96 9 «Б» – Кеш you 9 «В» – Жас толқын 🏆 Қазылар
Жақсылық жасап жарысайық
20
февраль
2026
Жақсылық жасап жарысайық
Жақсылық – адамгершіліктің ең асыл қасиеті, ол қоғамды мейірім мен бірлікке бастайды. Қолдау көрсету арқылы жүрегімізді ізгілікке тәрбиелейміз. Кішкентай ғана игі іс – үлкен үміттің бастауы. 5 “Б” сыныбы Сынып жетекші: Арайлым Сержанқызы​https://www.instagram.com/reel/DU-3wdvjFyc/?igsh=ZjRvcHVkYWhhbDFj​​​
“Бір кітап - бір жүрекке жылу сыйлайды” атты кітап сыйлау акциясы
20
февраль
2026
“Бір кітап - бір жүрекке жылу сыйлайды” атты кітап сыйлау акциясы
4 «А» сынып оқушылары “Бір кітап - бір жүрекке жылу сыйлайды” атты кітап сыйлау акциясына белсенді қатысып, мектеп кітапханасының қорын толықтыруға өз үлестерін қосты. Ата-аналардың қолдауымен оқушылар мазмұнды, тәрбиелік мәні зор кітаптарды сыйға тартты. Бұл игі іс жас ұрпақтың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып, білімге құштарлығын дамытуға бағытталған маңызды қадам болды. Кітап – адамзаттың рухани байлығы, сарқылмас асыл қазынасы. Сыйға берілген әрбір кітап шәкірттердің ой-өрісін
“Бір кітап - бір жүрекке  жылу сыйлайды” акциясы
18
февраль
2026
“Бір кітап - бір жүрекке жылу сыйлайды” акциясы
14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күніне орай «Бір кітап – бір жүрекке жылу сыйлайды» челленджі жалғасуда. МИФ бірлестігінен қабылданған челленджді қолдай отырып, эстафетаны Ағылшын бірлестігіне жолдаймыз. Кітап сыйлау – білім мен мейірімді бөлісу. Челленджге белсенді қатысуға шақырамыз.​https://www.instagram.com/reel/DU47cvWDCi5/?igsh=MWZudHpta3NweW9rdg==​​​
«Балалар кітапханасы» республикалық жобасы аясында ұйымдастырылған «Сыныбымызбен кітап оқимыз» акциясы
18
февраль
2026
«Балалар кітапханасы» республикалық жобасы аясында ұйымдастырылған
«Балалар кітапханасы» республикалық жобасы аясында ұйымдастырылған «Сыныбымызбен кітап оқимыз» акциясы шеңберінде 4 «А» сынып оқушылары ерекше шығармашылық кеш өткізді. Сынып жетекшісі Уайданова Жанна Муслимовнаның және мектеп кітапханашыларының жетекшілігімен оқушылар балалар жазушысы Толымбек Әбдірайымның «Құс ұясы» әңгімелері желісі бойынша сахналық қойылым көрсетті. Қойылым барысында оқушылар шығарманың мазмұнын терең түсініп, кейіпкерлер бейнесін шынайы сомдай білді. Балалардың актерлік
Заң және тәртіп
18
февраль
2026
Заң және тәртіп
2026 жылдың 18 ақпан күні Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Абай облысы бойынша департаментінің аға прокуроры Оспанова Әсел Бауырбекқызы мен Педагогикалық колледжінің 3-курс студенті Ш.Серікқазықызы 8-сыныптарға Заң мен тәртіп аясында(есірткі қылмыстары, интернет-алаяқтық қылмыстары, буллинг қылмыстары тақырыбында) оқыту дәрісін жүргізді.