Тәрбие » Страница 8 » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Кітапты не үшін оқу керек» тақырыбында пікірсайыс өткізілді.
09
февраль
2026
«Кітапты не үшін оқу керек» тақырыбында пікірсайыс өткізілді.
Қазақ тілі мен әдебиеті апталығы онкүндігі аясында «Кітапты не үшін оқу керек» тақырыбында пікірсайыс өткізілді.         Кітап оқудың пайдасын  мектеп кітапханашысы Д Сакаева, ең алдымен, ол адамға қоршаған ортаны, әлемді, жаңа салаларды және өздерін тануға көмектесетінін,  сонымен қатар, ой-өрісін дамытып, есте сақтау қабілетінің жақсаруына көмектеседі. Көп кітап оқыған адамның аналитикалық ойлау қабілеті мықты болады және жылдап ойлай алатынын айта келе,оқушыларды кітап оқуға, қандай кітап
«Тәңірі таудың қыраны» атты тақырыпта қазақ поэзиясының алып тұлғасы — Мұқағали Мақатаевты еске алу сағатын өткізді.
09
февраль
2026
«Тәңірі таудың қыраны» атты тақырыпта қазақ поэзиясының алып тұлғасы
11 «В» сынып оқушылары «Тәңірі таудың қыраны» атты тақырыпта қазақ поэзиясының алып тұлғасы — Мұқағали Мақатаевты еске алу сағатын өткізді. Сабақ барысында оқушылар ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер айтып, жүрекке жетер әсерлі өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Сонымен қатар, қатысушыларға арналған әдеби сұрақтар қойылып, оқушылар өз білімдерін көрсетіп, белсенді жауап берді. Іс-шараның мақсаты — жас ұрпақтың поэзияға деген қызығушылығын арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және
14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні.
09
февраль
2026
14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні.
14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні. Адамдар бір біріне құрмет пен сыйластықтың белгісі ретінде сыйлыққа кітап ұсынатын күн. Кітап – адамзат қоғамының ұлы жетістігі, ұлы ұстазы. Кітап — білімнің қайнар көзі, рухани байлықтың негізі. Мектеп кітапханасына сыйға тартылған әрбір кітап оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастыруға, зияткерлік дамуына үлкен үлес қосады. Бұл мерекенің негізгі идеясы – мұғалімдер мен оқушыларды жақсы кітаптар сыйлауға ынталандыру. Акцияның мақсаты: Балалардың бойында
“Интернет қауіпсіздігі, буллинг, нашақорлық, лудомания”
09
февраль
2026
“Интернет қауіпсіздігі, буллинг, нашақорлық, лудомания”
2026 жылдың 9 ақпанында Абай облысы Полиция департаменті ЖҚЖБ басшысы полиция полковнигі Ш.Х. Қанағатов және Абай облысы Полиция департаменті ЖҚЖБ бөлім басшысы полиция подполковнигі Д.С. Смагулов 9-11 сыныптар арасында “Интернет қауіпсіздігі, буллинг, нашақорлық, лудомания” жайында дәріс өткізді.
ҰБТ-да рухани қолдау көрсетуге арналған мазмұнды шара
05
февраль
2026
ҰБТ-да рухани қолдау көрсетуге арналған мазмұнды шара
Бүгін гимназиямызда 11-сынып оқушыларына алдағы ҰБТ-да рухани қолдау көрсетуге арналған мазмұнды да тағылымды шара ұйымдастырылды. Бұл игі бастамаға ата-аналар қауымы ерекше ықылас танытып, шараның өтуіне тікелей мұрындық болды. Кездесу барысында ата-аналар жас түлектерге жүрекжарды лебіздерін арнап, әр оқушының білім сынағынан абыроймен өтіп, өз мақсат-мұратына жетуіне шынайы тілектестігін білдірді. Ақжарма тілектер мен жылы сөздер оқушылардың бойына сенім ұялатып, алдағы маңызды кезеңге
«Ұлт ұстазы» атты жас ақындар мүшайрасы өтті.
05
февраль
2026
«Ұлт ұстазы» атты жас ақындар мүшайрасы өтті.
Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 мектеп-гимназиясында қазақ тілі мен әдебиеті апталығы аясында ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығына орай 6–8 сынып оқушылары арасында «Ұлт ұстазы» атты жас ақындар мүшайрасы өтті. Тағылымды шараның басты мақсаты – оқушыларға Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық мұрасын таныту, ұлттық рух пен әдебиетке деген сүйіспеншілікті арттыру, жас дарындардың шығармашылық қабілетін шыңдап, көркем сөзге деген қызығушылығын дамыту болды. Мүшайра барысында жас ақындар
«Қазақтың қайсар Қайымы» атты виртуалды кітап көрмесі
04
февраль
2026
«Қазақтың қайсар Қайымы» атты виртуалды кітап көрмесі
«Балалар кітапханасы» республикалық жобасы аясында қазақ әдебиеті мен ғылымының көрнекті өкілі, жазушы, абайтанушы, ғалым, аудармашы, текстолог Қайым Мұхамедхановтың туғанына 110 жыл толуына орай «Қазақтың қайсар Қайымы» атты виртуалды кітап көрмесін ұсынамыз. Қайым Мұхамедханов — абайтану ғылымының негізін қалаушылардың бірі. Ол Абай Құнанбайұлының әдеби мұрасын зерттеуде ерекше еңбек сіңіріп, ақын шығармаларының түпнұсқалық мәтіндерін қалпына келтіру бағытында ауқымды текстологиялық жұмыстар
7-8 сыныптар арасында волейбол жарысы өткізілді.
03
февраль
2026
7-8 сыныптар арасында волейбол жарысы өткізілді.
«Дені сау – ұрпақ, ұлт болашағы!» ұранымен 7-8 сыныптар арасында волейбол жарысы өткізілді. Аталған спорттық іс-шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, жастар арасында спортқа деген қызығушылықты арттыру және командалық рухты қалыптастыру. Жарыс барысында қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, ұйымшылдық пен спорттық шеберлікті көрсете білді.   🏆Жарыс қорытындысы бойынша:  I-орын     7 «Ә» сыныбы II-орын  8 «Б» сыныбы III- орын    8 «Ә» сыныбы III- орын     7 «Б» сыныбы  Мұндай
“Жыр алыбы - Жамбыл” кинотайм өткізілді
03
февраль
2026
“Жыр алыбы - Жамбыл” кинотайм өткізілді
Қазақ тілі мен әдебиеті апталығы аясында Жамбыл Жабаевтың  туғанына  180 жыл толуына орай 7,10-сыныптардың қатысуымен “Жыр алыбы - Жамбыл” кинотайм өткізілді. Оқушылар бұл шарада Жамбыл туралы фильм көріп, соңынан фильмді талдады. Өз білімдеріне қор жинап қайтты. ​https://www.instagram.com/reel/DUS8kyTDKwQ/?igsh=MWw3OTdiYzJseG50aA==​​​
«Смарт бала: цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» тақырыбында тәрбие сағаттары өтті
03
февраль
2026
«Смарт бала: цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» тақырыбында тәрбие
Гимназиямызда «Смарт бала: цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» тақырыбында тәрбие сағаттары өтті. Сабақ барысында оқушылар интернеттегі қауіпсіздік ережелерімен танысып, жеке деректерді қорғау, кибербуллингтің алдын алу, әлеуметтік желіні дұрыс пайдалану және цифрлық мәдениет туралы маңызды мәліметтер алды. Тәрбие сағаттарының басты мақсаты — оқушыларды саналы, жауапты әрі қауіпсіз цифрлық ортада өмір сүруге баулу. Болашақ — цифрлық, ал қауіпсіз қадам — бүгіннен басталады!