Тәрбие » Страница 7 » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу
13
февраль
2026
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу
2026 жылдың 13 ақпанында ҚР МҚІА Абай облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Камалов Нұрсұлтан Советұлы 10,11-сыныптарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, жауапкершілік пен әділдік құндылықтары түсіндірілді. Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Түсіпхан Әйгерім Ерболатқызы мемлекеттік қызметке кәсіби бағдарлау мақсатында мемлекеттік қызметке орналасудың тәртібі және жас мамандарға көрсетілетін қолдау шаралары туралы ақпарат
“Поэзия, менімен егіз бе едің?” әдеби-сазды кеші
13
февраль
2026
“Поэзия, менімен егіз бе едің?” әдеби-сазды кеші
Бүгін қазақ тілі мен әдебиеті апталығы ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың «Поэзия, менімен егіз бе едің?» атты әдеби-сазды кешімен әсерлі түрде қорытындыланды. Кеш барысында оқушылар ақын әндерінің шығу тарихымен танысып, жүрекке жылы тиетін жырларын тыңдап, сырлы сазға бөленіп ерекше әсермен тарқасты. Мектептің жас ұстаздары мен жоғары сынып оқушылары бұл кештің мазмұнды әрі тағылымды өтуіне белсене атсалысып, рухани атмосфераның айрықша қалыптасуына үлес
“Бір кітап - бір жүрекке  жылу сыйлайды” акциясы
13
февраль
2026
“Бір кітап - бір жүрекке жылу сыйлайды” акциясы
Кітап – жай ғана сыйлық емес. Ол – ой сыйлау. Ол – үміт сыйлау. Ол – жаңа мүмкіндіктерге жол ашу. Бір кітап адамның өмірін өзгертуі мүмкін. Бір сөйлем – ойыңды оятуы мүмкін. Бір кейіпкер – саған күш беруі мүмкін. Кітап – уақыт өткен сайын құндылығы арта түсетін ең ерекше сыйлық. Себебі ол жүрекке жетеді ❤️ 📖 Оқуды сәнге айналдырайық! 📚 Біліммен бөлісейік! ✨ Рухани бай болайық!​https://www.instagram.com/reel/DUsYLc5AKL5/?igsh=MWp1cmo4YWszcTllMw==​​​
"Бір кітап -бір жүрекке жылу сыйлайды" акциясы
13
февраль
2026
"Бір кітап -бір жүрекке жылу сыйлайды" акциясы
Жаратылыстану ғылымдары әдіс бірлестігі “Бір кітап – бір жүрекке жылу сыйлайды” челленджін бастауыш әдіс бірлестігінен қабыл алып, ізгі дәстүрді жалғастырамыз! Кітап – рухани қазына, жүрекке шуақ сыйлайтын асыл мұра. Осы тамаша бастаманы қолдай отырып, челленжді математика, информатика, физика әдіс бірлестігіне жолдаймыз. Оқуға құштарлық артып, кітапқа деген сүйіспеншілік әр жүректе жалғасын тапсын!​https://www.instagram.com/reel/DUsZPEbgFu9/?igsh=MWk3NWFyMTZ4ZnQyeg==​​​
"Кітап сөйлейді" челленджі
12
февраль
2026
"Кітап сөйлейді" челленджі
«Кітап сөйлейді» челленджі Кітап – тек оқылатын дүние емес, ол ойландырады, сыр шертеді, кейде бір ауыз атауымен-ақ жүрекке жол табады. Кітап сыйлау күніне орай гимназиямызда кітап атаулары арқылы ой бөлісуге арналған қызықты челлендж ұйымдастырылды.Бұл челлендж ұстаздар арасында шығармашылықты арттырып қана қоймай, кітапқа деген сүйіспеншілікті жаңа қырынан танытты. 📚 Себебі кейде кітап атауының өзі бүтін бір ойды айтып тұрады… ✨ Кітап оқиық, кітап арқылы ойымызды жеткізейік, кітаппен өмірді
"Бір кітап - бір жүрекке жылу сыйлайды"
12
февраль
2026
"Бір кітап - бір жүрекке жылу сыйлайды"
Кітап сыйлау күні – жүректен жүрекке жол Кітап – рухани байлықтың қайнар көзі, ой мен сезімді тәрбиелейтін асыл қазына. Осы құндылықты ұлықтау мақсатында гимназиямызда Кітап сыйлау күніне орай ұстаздар арасында мазмұнды да мағыналы іс-шаралар ұйымдастырылды. Іс-шара аясында «Авторға хат» шарасы жүзеге асырылып, ұстаздар сүйікті шығармаларының авторларына жүрекжарды ойларын, алғысы мен әсерін хат арқылы жеткізді. Бұл – кітап пен оқырман арасындағы рухани байланысты тереңдеткен әсерлі сәттерге
Жас мамандардың «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» атты Республикалық педагогикалық олимпиадасының ІІІ орын иегері
11
февраль
2026
Жас мамандардың «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» атты
Жас мамандардың «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» атты Республикалық педагогикалық олимпиадасының қалалық кезеңінде Ертісов Абылай Айдосұлы жас мамандарға арналған сайыстан ІІІ ОРЫН иеленді! 🥇 Бұл жеңіс – кәсіби шеберліктің, ізденістің, шәкіртке деген жанашырлық пен үлкен жауапкершіліктің нәтижесі. Жас ұрпаққа бағыт-бағдар беріп, дарынды балалардың қабілетін ашуда аянбай еңбек етіп жүрген ұстазымыздың жетістігі – баршамыз үшін зор мақтаныш. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Абылай Айдосұлын 
«Балалар кітапханасы» республикалық жобасы аясында «Сыныбымызбен кітап оқимыз» акциясы
10
февраль
2026
«Балалар кітапханасы» республикалық жобасы аясында «Сыныбымызбен
«Балалар кітапханасы» республикалық жобасы аясында «Сыныбымызбен кітап оқимыз» акциясы бойынша 5 "Б" сынып  оқушылары жетекшісі Шакарова Арайлым Сержановна және мектеп кітапханашыларының жетекшілігімен Семей қаласындағы Ф.М. Достоевский атындағы әдеби-мемориалдық мұражайына танымдық экскурсия жасады.          Биыл Ф.М. Достоевский атындағы әдеби-мемориалдық музейдің ашылғанына 55 жыл толып отыр. Мұражай құрылған күннен бастап ұлы жазушының өмірі мен шығармашылығын, оның Семей қаласымен тығыз
"Лудомания және интернеттегі қауіпсіздік" тәрбие сағаты
10
февраль
2026
"Лудомания және интернеттегі қауіпсіздік" тәрбие сағаты
Гимназиямызда "лудомания және интернеттегі қауіпсіздік" тақырыптарында маңызды тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағаты барысында оқушыларға лудоманияның (құмар ойындарға тәуелділіктің) зияны, оның психологиялық, әлеуметтік және қаржылық салдары жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар интернет кеңістігіндегі қауіптер, кибербуллинг, жалған ақпарат, алаяқтық, жеке деректерді қорғау жолдары туралы нақты мысалдар келтірілді. Оқушылар интернетті тиімді әрі қауіпсіз пайдалану, өз уақытын дұрыс жоспарлау,
Мұқағали Мақатаевқа — 95 жыл
09
февраль
2026
Мұқағали Мақатаевқа — 95 жыл
Қазақ поэзиясының заңғар ақыны, мұзбалақ жырдың иесі Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай оқушылар арасында ақынның өмірі мен шығармашылығын еске түсіру мақсатында тағылымды шара өтті. Шара барысында оқушылар ақынның өмір жолымен танысып, жүрекке жетер өлеңдерін мәнерлеп оқыды, поэзия әлеміне терең бойлап, Мұқағали жырларының құдіретін сезінді. Ұйымдастырушы: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі​https://www.instagram.com/reel/DUivcaZjCTq/?igsh=dGExeTlhNnJ3Ymxk​​​